Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

тындық Одақтың басты принципі - «нотариус функциясының жариялылығы және оның қызметінде кәсіпкерлік сипаттың бол- мауы». Латындық нотариат елдерінде Тәуелсіз нотариус - құжат- тарды нотариалдық куәлендіруді мемлекет атынан орындауға, сондықтан даусыз әділсоттың және жария биліктің өкілі болуға уәкілеттігі бар адам. Кеңес заманында нотариат туралы Ережені тек 1921 жылы ға- на енгізу туралы Декрет пен Нотариалдық Столдарды тарату Дек ­ реты шықты, ал 1923 жылы «Мемлекеттік нотариат туралы» Ере- же енгізіліп, «Нотариалдық конторларды тарату туралы» Декрет күшін жойды. Қазак КСР Үкіметінің 20 сәуір 1940 жылғы «Нота- риалдық конторлар торабын бекіту туралы» қаулысымен нотари- алдық органдар тізбесі 120 қалалық және аудандық мемлекеттік нотариалдық Контор шамасында анықталды. 1974 жылы 13 тамызда «Мемлекеттік нотариат туралы» Ка ­ зак КСР заңы қабылданды, оның Одак қүрамындағы республика- ның өзіндік ерекшелігі бар алғашқы нормативтік актісі болды. Ол қолданыста болған кезеңде Қазақстанның барлық аймақтарында нотариалдық органдар біржола қалыптасты, бұл сала маман-заң- герлермен қамтамасыз етілді, оның жұмысына мемлекеттік бақы- лау жүргізілді. Ал нотариаттың қазіргі моделінің қалыптасуы 90-жылдардан басталады, біздің елде кұқыктың базалық салалары бойынша ко- дификацияланған актілер қабылданды. Қазіргі «Нотариат тура ­ лы» заң күшіне енгенге дейін отандық нотариустар нарықтық мазмүндағы жаңа құжаттарды Қазақ КСР заңдарының, Одақтың және одақтас республикалардың Азаматтық зандары негізінің ба- засында ресімдей бастады. Жаңа қоғамдық жағдайларға байла- нысты қазақстандық нотариатта соңғы жылдары елеулі өзгеріс- тер болып, үлттық зандарымыздың халықаралық стандарттарға қарай бет бүру процесі жүруде. 1997 жылы 14 шілдеде қабылдаған №155 «Нотариат туралы» заң республиканың жаңа нотариалдық жүйесін қалыптастырды. Жеке нотариустың статусы кұқықгар мен фактілерді куәланды- руға жәнс аталған заңмен қарастырылған баска міндеттерді жүзе- ге асыруға бағытталған жариялық қүқықтың әрекеттерін жасауға өкілеттілігі бар ерекше заң мамандығы ретінде анықталды. Бұл нотариат тарихыйдағы маңызды кезең болды, ол нотариаттардың екі типінің (мемлекеттік және жеке) қатар болуын мойындады. 218

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==