Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
14-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПҮБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИАТ 14.1. Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы және дамуы Нотариат ежелгі кезден бері келе жатқан және барлық өрке- ниетті елдерде бар, азаматтық кұқықты іске асыруда және қор- ғауда маңызды рөл атқаратын орган. Нотариат латынның «nota» - белгі деген сөзінен шыққан. Ежелгі Римде мәмілелердің жобасын жасайтын және тез жазу үшін стенографиялық белгілерді пайда- ланатын адамдарды нотариустар деп атаған. Нотариат термині тиісті нотариалдық әрекеттерді орындау үшін арнайы құрылған органдар жүйесін ұғындырады. Меншік қатынастарының тиісті даму деңгейінде нотариатқа тарихи қажеттілік туындады. Тарихи, этникалық, діни және өзге ерекшеліктерге байланысты әр кездері эр елдерде өздерінің нота- риаттары пайда болды, мұндай қызметпен айналысатын адамдар да әртүрлі аталды. XIX ғасырдың ортасына дейін Ресей империясы- ның көптеген аймақтарында нотариалдық қызметті ұйымдастыру және зандық регламентациялау мәселесі өзекті болды. Нотариал- дық қызметке қатысты 60-жылдары жүргізілген реформалар пат- шалық Ресейдің шет аймақтарындағы ұлттық, географиялық және өзгедей ерекіпеліктерге байланысты бір уакытга жүзеге аспады. Нотариалдық жүйенің дәстүрлі (классикалық) типі оның ла- тындық моделі, ол Латындық нотариат деп аталады. Ол ро- ман-герман құқықтық жүйесінің елдерінде қүқықтық идеялар- дың ұзақ эволюциясы нәтижесінде қалыптасты. Латындық тип- тегі ұлттық нотариустардың ортақ сипатына қарамастан нақты мемлекеттерде нотариустарда өзара айырмашылық бар. Мысалы, Еуропада латындық нотариаттың үш негізгі моделі бар, олар: не- міс, француз жэне аралас. Неміс моделіңде нотариус нотариалдық іс жүргізудің барлық кезеңінде аса белсенділік көрсетпейді. Оның жүмысы тиісті акті- 216
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==