Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және дерек- тер беру, кедендік бақылаудың техникалық қүралдары- ның, сондай-ақ ақпаратты қорғау қүралдарының жүйеле- рін әзірлейді және құрады; 5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналғаи тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды; 6) кедендік әкімшілік етуді жүзеге асырады; 7) тауарлар мен көлік қүралдарының Кеден одағының кеден- дік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылауды жү- зеге асырады; 8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы хабардар етуді, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Респуб- ликасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толық- тырулар туралы уактылы хабардар етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді; 9) кедендік статистиканы жүргізеді; 10) Қазакстан Республикасының өзге де заңдарында, Казак- стан Рсспубликасынын Прсзидснті мен Қазақстан Рсспуб- ликасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілет- тіктерді жүзеге асырады. Кеден органдарының негізгі міндеттері мен куқықта- ры ҚР Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы заңының (2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 8-10 бап- тарында белгіленген. Кеден ісі саласындағы кылмыстық әрекеттерді тергеп-тек- серуді мемлекеттік кіріс органдарының экономикальщ тергеу қызметі жүзеге асырады. Кеден органдары Қазақстан Республи- касыньщ Әкімшілік құқық бүзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік қүқык бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргі- зеді және адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартады. Бақылау сүрактары: 1. Республикамызда сыбайлас жемқорлықпен экономикалық қылмыстар- ға қарсы күрес органдары дамуы тарихы қашаннан басталды? 2. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жсмқорлыкқа қарсы іс-қи- мыл агентгігінің құқыктары мен міндеттері кай занда белгіленген? 3. Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметінің кұ- зыреті кандай?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==