Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Конституциясы, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық құқықтық актілерді негізгі көздерге жатады. Соттардың, проку ратура, алдын ала анықтау, тергеу және басқа органдардың ұйым- дастырылу принциптерін, жүйесін және өзара қатынастарын анықтайтын нормалар бар зандар жиынтығы «Сот және құқық қорғау органдары» пәнінің қайнар көзі болып табылады. 1.3. Мемлекеттің құқықтық саясаты. Қүқық қорғау органдардағы қызмет Қазақстандағы демократиялық үрдістердің қаркынды дамуы құқық қорғау жүйесін әлемдік стандартқа сәйкестендіру қажетті- гін көрсетті. Осыны ескере отырып және Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Рес- публикасында қүқық қорғау органдарының кадрлық саясатының түжырымдамасы жасалды. Мемлекет басшысы сот және құқық корғау жүйесінің тиімді- лігін арттыру, соттарды, прокуратураны, әділет және ішкі істер органдарын, каржы полициясы мен арнаулы қызметтерді жаң- ғырту халықтың күқықтык санасының деңгейін арттырумен бір мезгілде шешілетінін атап өтті. Кадрлар жағдайы, оның әлеуеті кез келген органның өз қыз- метін тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін анықтайды. Қүқық қорғау органдары қүрылымдары қаншалықты жетілген болса да, оның қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін сауатты және сапалы орындауы барлық органдардың кызметінің ең басында тұрады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген қызмет сала- сын дамыту үшін мемлекеттің қүқықтық, үйымдастырушылық жүйесі мен тиісті кадрлардың үйлесімділігі қажет. Мүндай жағ- дайда «кадрлар барлығын шешеді» деген сөздің астарында үлкен маңыз бар. Бүтінде барлық құқық қорғау органдарының сапалы жүмысы үшін кәсіби кадрлық қүрам мәселесі өте көкейкесті бо лып отыр. Қабылданған тұжырымдамада қүқық қорғау органдарының кадрлық саясатын кезең-кезеңмен реформалау белгіленген. Олар алға қойылған міндеттерді білікті түрде шешетін жоғары кәсіби кадрлық қүрамды қалыптастыруға көмектеседі. Түжырымдамада қызметкерлерге деген қажеттілікті жоспарлау, таңдау, кадрларды 547-2 17
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==