Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

сипаты бар айрықша әрекеттер арқылы азаматтар мен қоғамының құқықтары мен бостандығын қорғауға, мемлекетте зандылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған жүмыс. Біздің ойымызша, құқық қорғау органдарына сот органда- ры, Конституциялык, Кеңес, Әділет органдары, Прокуратура, Ішкі істер органдары, ¥лттық кцуіпсіздікті қамтамасыз ету органдары, Тергеу органдары, Мемлекеттік қызмет істері жэ- не сыбайлас жемқорльщқа кррсы іс-крмыл агенттігі, Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің экономика- лық тергеу қызметі жэне нотариат пен адвокатура жатады. Құқық қорғау органдары өзге мемлекеттік органдармен жэ ­ не де мемлекеттік емес органдармен өзара әрекеттестікте болады. Құқық қорғауға көмектесетін органдар да бар, оларды «қүқық қолдану органдары» деп атауға болады. «Құқық қорғау органда ­ ры» ұғымына Караганда «құқық қолдану органдарының» ұғымы кең. Қүқық қорғауға көмегін тигізетін құқық қолдану органдары ­ на нотариалдык, органдар, адвокатура, күзет қызметі, торе- лік сот, салық және озге крржы органдары, сот-сараптама мекемелері жатады. Мысалы, нотариат қызметі сот қызметімен тығыз байланыс- ты. Егер сот азаматтық процесте кұқық туралы дауларды қарас- тырса, ал нотариат даусыз азаматтық құқықты заң жүзінде бекіте- ді, оның бұзылуының алдын алады, яғни юрисдикциялық, құқық корғаушылық функция атқарады. Адвокатурада да өзіндік сипа ­ ты бар, белгілі бір құқық қорғау функциясын атқарады, шағым- арыз, өтініш жэне басқа да құжаттар жазуға көмектесіп, маңызды мемлекеттік функцияға - сот ісінің жүргізілуіне қатысады. Жеке жэне заңды тұлғалардың құқықтары мен занды мүдделерін қор- ғауды жүзеге асыратын басқа органдармен бірге адвокатура, сот ісіне қатысушы негізгі жэне белсенді түлға ретінде мемлекеттің құқық қоргау жүйесінің бір бөлшегіне айналды. Сонымен, азаматтар мен ұйымдардың қүкықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы маңыздылығын жэне көптеген құқык қор- ғау органдарымен тығыз байланысын ескере отырып адвокатура мен нотариатты да зерделеу нысанына жатқызамыз. 13

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==