Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
тары қылмыскерлікпен күресетін күқық қорғау жүйесінің ажыра- мас құрамдас бөлігі болып табылады » 5 . 5 Рябцев В.П. Правоохранительные органы Российской Федерации по борьбе с преступностью // Организация управления в органах прокурату ры. Сборник научных трудов. - М., 1998. - С.44. Ескеретін бір жағдай - сот органдары жүзеге асыратын сот би- лігінде міндетті түрде мәжбүрлеу сипаты болады. Сот үкімі құқық қолданудағы аса маңызды акт, ол қылмыстық іс бойынша оған де- йін жүргізілген барлық әрсксткс қорытынды жасайды, занды, дә- лелді және әділ жаза тағайындау сотталғанның түзелуіне ссптігін тигізсді. Жазаның әділдігі қылмыскерлікпен күрестің тиімділігін көтерудегі маңызды фактор болып табылады. Бүл тұста Қылмыс- тық кодекстің «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады» делінгенін ескеру қажет. Қылмыс жа- саған адамға жаза оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті шамада тағайындалады. Істі дер ке- зінде қарау, сот талқысының жариялылығын сактау және заңды, дәлелді, әділ жаза тағайындау қылмыскерлікпен ұтымды күресу- дің, қүкық тәртібін нығайтудың, заңдылық режімін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Бүл да сот- тын кылмыскерлікпен күрес ісіне қосатын қомақты үлесі. Осыны ескерсек, соттың міндеті істерді жай карау ғана емес, әділ шешім қабылдай отырып, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін камтамасыз сту. Сондықтан да Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы сот практикасын ауық-ауық зерделейді және оның қорытындысын жинақтап қорытып, соттардың әділ қазы- лық жүргізуде заңдылықты сақтауы мәселесін қарастырады, сон- дай-ак істерді қадағалау тәртібін де қарайды. Әділ сот өзінің заңды және әділ шешімімен жасалған қыл- мыс үшін жауапкершіліктің қалай да болатындығына сенім ту- дырады, халықтың күқыктық және онегелік санасына ықпал етеді, құқық беделін көтереді. Сондыктан да Сот алқасы әділ сот жүргізуде томен нәтижелер көрсеткен немесе сотта іс Ка раганда заңдылықты бүзғаны үшін ксйбір судьяларға қатысты материалдарды қарайды. 11
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==