Криминалистика

хиатриясы, сот-психологиясы пәндсрімен де көп байланысы бар, өйткені кылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалисти- калық тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері жоғарыда ай- тылып отырған пәңдердің қағидаларын пайдаланады. Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, баска ғылым- дармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педаго ­ гика, психология гылымдарымен де байланысы бар, себебі кри ­ миналистика кылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылған ғылымдарда қол- данылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық күралдарды өз кажетіне бейімдеп пайдаланады. Криминалистикада колданылатын тәсілдер мен әдістер, зат- тай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және зерт- теуге бағытгалады. Сондықтан криминалистикада жиі колданы ­ латын іздеп табу, бскіту, алу және зерттеу деген ұғымдардың мазмүнын талдап оларға түсінік беру кажет. Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз - ол тергеу орган- дарының кылмысты ашуга, керекті дәлелдерді іздеуге байланыс- ты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Заттай дәлелдемелерді іздеуге арнаулы әдістер мен тәсілдер жеке криминалистикалык құрал- дар қолданылады, себебі кейбір іске кажет дәлелдемелер, атап айтқанда: іздер, өте кішкентай затгарды жай көзбен қарап та- уып алуға болмайды (мысалға, майлы тер шығу аркылы пайда болатын кол іздерінің үлгісі). Бекіту және алу дегеніміз - криминалистикалык аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап калу үшін, оларды арнайы криминалистикалык тәсіл- дермен белгілсу және алу. Тауып алынған заттай дәлелдемелер, іздер іс жүргізу күжатында толықсипатталып жазылады, фото- суретке түсіріледі, арнаулы жабыстыру пасталарын, дактоплен- каларын, гипс қолдану аркылы үлгісі алынады т.б. іс бойынша жиналып занды түрде бекітілген затгай дәлелдемелер жан-жақты зерттеледі. Криминалистикалык зерттеу үстінде заттай дәлел- демелсрдің қалайша пайда болғанын, оның тергеліп отырған кылмыстык окиғаға кандай катысы бар екендігі аныкталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тек- серуге арнаулы білім қажет болған кезде, олар күрделі крими ­ налистикалык техниканы колдану аркылы сараптамалык зерт- теуден өткізіледі. Сараптамалык зерттеуде дәстүрі баска да күрделі физикалык, химиялык әдістер (спектрлік талдау, газды хромотографиялық зерттеу), оған сәйкес техникалык кұралдар пайдаланылады. 9

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==