Криминалистика

объект жөнінде алдын ала мәлімет жинауға т.б. Сонымен катар анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері тергсушіге аса ауыр және күрделі тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдем- деседі. Криминалистика баска да өзі тектес заң ғылымдарымен ты- ғыз байланысты, өйткені криминалистиканың көп тәсілдері мен әдістері көп ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Криминалистика ең алдымен Кылмыстық іс жүргізу заңы- мен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп да- йындаған тәсілдері мен әдістері кылмысты ашуға, тергеу әре- кетгерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстык іс жүргізу заңы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін занды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннің де зертгейтіні бір объект - тергеу әрекегі. Бірақолардың процессуальдык әрекеттерді окыгі, тек- серу аспектісінің мазмұны әр түрлі. Криминалистикалық тәсілдер мен әдістер тергеу әрекеттсрінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар Қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілмегсн, заң калпының мазмұнымен камтылмаган. Бірақ криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не кұрал болса да ол Қылмыстық іс жүргізу заңының шеңберінен шықпауы тиіс және заңға кайшы болмауы керек. Криминалистиканың кылмыстық құқық ғылымымен де ты- ғыз байланысы бар. Қылмыстық құкык ғылымында коғамға кауіпті кандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр кылмыстын кұрамындағы белгісін талдап баяндай- ды. Бұл қылмыстык занда көрсетілген кылмыс құрамынын белгілерін негізге ала отырып, криминалистикалык талдау жүргізіп, қылмысты ашуға керекті белгілерді нактылап, қыл- мыстык іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайларды, шешетін сұрақтарды белгілеп және кылмыстарды тергеу тәсілдерін ұсы- нады. Криминалистика тектес ғылымдардын бірі - криминология. Бұл ғылым қылмыстыңболу себептерін. оныңәлеуметтік негіз- дерін және белгілі бір жерде тарауын, оған карсы сактандыру шараларынынколданутәсілдерін зерттейді. Криминологияның кағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ыкпал еткен жағ- дайларды толық тауып, бүл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады. ( Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден баска да криминалдықұғымға кіретін сот-медицинасы. сот-пси- 8

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==