Криминалистика

мыска байланысты сол манда болған өзгерістердің бәрі жата- ды. Мысалы: жол-көлік оқиға болтан жерде көліктердің ава- рияға үшырауына (соктығысу, аударылуына) байланысты олар- дың жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған де- тальдар оқиға болған жерде калса, олардың бәрін жалпы кри- миналистикалык мағынада іздер деп атаймыз. Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелде- мелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың калай жасалғанын аныктап, оның тетігін болжап білуге болады. Әрине қай тергеуші болса да, жасалған кылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірак болған окиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен окиғаны дұрыс болжап, жасалған кылмыс әрекетінің механизмін ойымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс калыптасуына кажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен эсер етеді. Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрін- бейтін) анықтау өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп та- уып, дүрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен кұралдарды пайда- лану кажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалык күрал- дардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні окытады. Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсак, крими ­ налистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жаса- ған адамның криминалдық кылмысты іс-әрекетін және тергеу- шінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалисти- калыктәсілдер мен әдістерді колдануға байланысты жұмысы. Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әр түрлі пәндік сипат- тама беріледі. Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар ауда- рылып, көп пікірталастар болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана онын маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орыңды пайдалануға болады. Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттама- ларын корыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялык өзгерістердің бар екені аңғарылады. Кай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған кажет техникалык қүралдарды окитын ғылым екенін баяндайды. 6

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==