Криминалистика

- жәбірленуші алған күйіктіңдәрежесі қандай. Сот-электротехникалык сараптамасы — өртке байланысты кылмыстарды тергеу кезінде өртэлектр жүйесін пайдалану сал- дарынан шығуы мүмкін немесе мүмкін еместігін, болған-бол- мағандығын анықтау үшін жүргізіледі. Олар мынандай сүрақ- тарды шешуде үлкен көмегін тигізеді: - өрт, электр жүйесіне, электр құрылғыларына шамадан артық күш түсу әсерінен болды ма, кысқа түйықталудан болды ма; - өрт электр доғаларының немесе ұшқынның әсерінен бол ­ ды ма; - жарықтандыру электр шамдарының жылуы (қызуы) нәтижесінде болды ма. Заттар мен материалдардың криминалистикалык сараптама ­ сы келесідей сұрақтарды шешеді: өрт болған жерден табылған сұйықтық пен сезіктіден алынған сұйыктықтың кұрамдары бір ме; өрт болған жерден табылған объект не зат; берілген ыдыста қандай сұйықтык болды; зерттеуге ұсынылған зат өзінен-өзі жана ма, егер жанса кандай жағдайларда өздігінен жанған және зерттелетін заттыңтемпературасы қандай; ұсынылған затжан- ғыш сұйықтықтарына жата ма; берілген газ бен коспаның, яғни зерттелетін жанғыш сұйықтықтың тұтану температурасы кан ­ дай; берілген қоспаның жарылуы кауіпті ме; өрттен қалған жа- лын ментүтінніңтүсі бойынша қандай затжанғанын анықтауға бола ма және ол өздігінен жануы мүмкін бе және т.б. Жоғарыда аталған сараптамалардан баска да сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Атап айтқанда, өрт-технологиялық са ­ раптамасы. Онын көмегімен өрт сөндіру әрекеттерімен байла ­ нысты мән-жайларды анықтауға болады. Яғни, нақты өртті сөндіру тактикасы пайда болған өрт жағдайына сәйкес колда- нылды ма; өрт-техникалык кұралдар мен әдістерді іріктеп алу өрт сөндіру құрылымы мен өртенген объектінің техникалық жағдайына сәйкес келе ме және т.б.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==