Криминалистика

бе; электр өткізгіш, жылыту, жарықтандыру, газ жэне желдет- кіш жүйелерінің техникалык жағдайы қандай болды, олардағы ақаулар өрттің шығуына себеп болуы мүмкін бе; өртеу үшін кандай құрал-жабдықтар, қарулар, әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Өрт-техникалық сараптаманы Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы немесе сәйкес мамандандырылған органдар жүргізеді. Аталған бұл сараптама ­ ны өрт болған жерді қарағаннан, куәлардан жауап алғаннан және баска да кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін дереу тағайындау қажет. Өрт-техникалық сарапшының жұмысы, өртболған жерді карау кезінде басталса барынша тиімді болады, оларды карау кезінде келесідей сұрақ- тар қойылады: өртенген зат нені білдіреді, өрт (көзінің) ошағы- ның қүрамы; өрт болған жерден табылған заттарда, үйінді- коқыстарда өрттен қалған күл, күйе және жанғыш заттардың іздері жок па. Трасологиялық сараптама. Осы қылмыс санаттары бойын- ша трасологиялық сараптаманың көмегімен қылмыскерді колы- ның, аяккиімінің іздері бойынша идентификациялауға болады. Кылмыскерлердің қылмыс жасау кезінде қолданылған көлік кұралдарын окиға болған жерден табылған протекторлардың іздері арқылы идентификациялаймыз. Сонымен катар, окиға болған жерден табылған әр түрлі заттар сезіктіден табылған зат- тармен бір бүтінді кұрай ма деген мәселелер шешіледі. Товартанымдық сараптама, өрт окиғасы болған жерден алын- ған заттардыңтүрін, бағасын (құнын), сапасын және т.б. анық- тайды. Сот-медициналык сараптамасы төмендегі сұрактарға қоры- тынды бере алады: - өлім өртену, түншығу немесе баска да себептердің нәтижесінде болды ма; - өрттің әсеріне адам тірі кезінде ұшырады ма, әлде өлген- нен кейін бе; - күйіктер неден, неніңәсерінен болған (жалынның, жанар- май сұйыктығының немесе шайкалған газ); - мәйітте баска жаракаттар жоқ па, осы жарақаттардың си- паты қандай; - жаракат кандай қару-қүралдармен келтірілген, мәйітген табылған жаракаттар жоғары қысым әсерінен болды ма немесе олар механикалык себептерден болды ма; 510

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==