Криминалистика
дұрыс жауап алу үшін өрт-техникалық және химиялық сарап- тама қорытындыларын қолдану қажет, себебі олар көбінде айыпкердің жауаптарымен (түсіндірмелерімен) сәйкес келе бермейді. Тергеуші өртке қолданылған күралдардың айыпкерден, сезіктіден табылуы, олардың киімдерінен жанғыш заттардың иісі бардақтардыңтабылуы, денесіндегі күйік іздерінің болуы, өрт болған жерде болуы және күдікті жүріс-тұрысы сиякты жана- ма дәлелдемелерді қолдану арқылы оларды дұрыс жауап беруге мәжбүр етеді. Қүжаттарды алу және қарау. Өрт және өрт қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу жөніндегі істер бойынша кейінге калдырылмайтын тәртіппен қүжатгарды алу әрекеті жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі ережелерін тексеру актілері: объектідегі жары- латын, жанатын, өзінен-өзі тұтанатын затгарды сақтау мен та- сымалдау жағдайын сипаттайтын құжатгар; өрт сөндіруге қаты- скан өрт күзеті өкілдері жасаған өрттуралы акт; кауіпсіздік тех- никасы мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі жергілікті ережелер; өртенген объектілердегі мүліктердің инвентаризациялық тізімдері; ведомстволықтергеу материалдары; өртсебептері мен кінәлі тұлғаны анықтау үшін маңызы бар баска да құжаттар- дың дәлелдемелік маңызы бар. Сондай-ақ, іске тіркеу үшін жергілікті метеорологиялық бекеттің ауа-райы жағдайы, ауа температурасы, өрт болған уақыттағы желдің бағыты мен күші туралы аныктама талап ету кажет. Сараптама. Қарастырылып отырған істербойынша жүргізі- летін негізгі сараптама түрлері: өрт-техникалық; криминалис- тикалық және товартану. Адамдар қүрбан болған немесе жан- уарлар өлген жағдайларда сот-медициналық және сот-ветери- нарлық сараптамалар тағайындалады. Кей жағдайларда басқа да сараптамалык зертгеулер жүргізіледі. Өрт-техникалық сараптамасы келесідей сұрактарды шешуге мүмкіндік береді: өрт кайдан шықты; өртенудің техникалық себебі кандай; объектіде қандай өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылды, олар өрттің шығуы мен таралуына себеп болуы мүмкін бе, олардың өзінен-өзі тұтану жағдайы қандай, жану, өртену ұзақтығы қандай; қандай технологиялык процесс, сонымен қатар өртке қауіпті материалдарды сақтау мен тасымалдау ережелері бұзылды, олар өрттің шығуына себеп болуы мүмкін 509
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==