Криминалистика
заттай дәлелдемелерді карау хаттамаларын пайдалану қылмыс- ты ашудың, әшкерлеудің ең тиімді айла-әдістерінің біріне жа- тады. Егер сезіктіні жеке тінту және куәландыру барысында оның киімінен, аяккиімінен немеседенесінен жанғыш заттардыңиісі бар дақтар мен өрт, күйік іздері немесе окиға болған жердегі құм бөлшектері табылса, жауап алу әрекеттерін міндетті түрде бұл дәлелдердің пайда болу көздерін аныктаудан бастау қажет. Мұндай жағдайларда сезікті көбінесе өзінен табылған іздердің пайда болуын әр түрлі себептермен байланыстырып түсіндіреді. Айыпталушыдан жауап алу кезінде оның жүмыс және кызметгік жағдайына еш байланыссыз өрт басталар алдында объектіде болуы туралы мәліметтерді қолдану тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, объектіні өртеген адамның қылмыс жасаудан бүрын, болмаса одан кейінгі күдікті іс-әрекеті немесе жүрісі жөніндегі нақты деректерді қолдану одан дұрыс жауап- тар алуға мүмкіндік береді. Сезіктінің (айыпталушының) кылмысын әшкерелеуде өте жиі кездесетін және тергеуге ең тиімсіз жағдайлардың бірі бо- лып, олардың өрт болған уақытга сол жерде өздерінің болуы себебін, өртті сөндіруге келгенімен түсіндіруі табылады. Тәжірибеде көрсеткендей өртеушілер көбінде объектіні өртен- геннен кейін, өзін өрт сөндіруге белсенді катысушы ретінде көрсетуі үшін, сонымен қатар калдырған іздерін жою, өзінен барлық күдікті алып тастау, өртгің басталу, болу себебін және айыпкер туралы қандай ойлар айтылып жатканын білу, соны мен байланыстыра (ұштастыра) отырып дәлелдемелердің көзін жою және баска біреуге жала жабу шараларын ойластыру үшін қылмыс болған жерге кайтып келеді. Сезіктіден оның өрт сөндіру жеріне келу себептері жөнінде жауап алу кезінде, өрт сөндіруге катысқан куәлардың жауаптары мен окиға болған жерді қарау нәтижелерін қолдану керек. Олар аркылы сезіктінің өртболған жерге қай уакытта, кашан және қай бағыттан келгені, оқиға болған жерде өзін калай ұстағаны туралы деректерді, сезіктінің айтуы бойынша өрт болған жердегі аяккиім жол іздерінің орналасуы мен оның келген жолының сәйкес келуі немесе келмеуі жөніндегі және баска да мәліметтерді анықтап білуге болады. Айыпкер көбінесе өзінің өртке қатысты екенін мойындамай теріске шығарумен қатар, өрттің болу себебін әр түрлі кездей- со£ жағдайлармен түсіндіруге тырысады. Мұндай жағдайларда 508
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==