Криминалистика
киімдерден талшықтарын алу кажет. Қиылған шаш пен киім болса, оны хаттамада ерекше белгілеп көрсету керек. Егер сезіктініңденесінен күйік іздері табылса, куәландыру хаттама- сында олардың орны, саны, медициналык жіктелуі бойынша ауырлық дәрежесі көрсетіледі, ал сезіктінің өзі сот-медицина- лык сараптамаға жіберіледі. Сезіктінің аяқ киімінен оқиға бол тан жердегі құмның, күлдің, шөптердің, жапырақтардың бөлшектері табылуы мүмкін. Бүл аяқкиімдер алынуы және са- раптамалық зерттеуге жіберілуі тиіс. Тінту. Тұрғын үй немесе қызметтік (жұмыс) орындарда сезіктіні жеке тінту оқиға болған жерді қарағаннан кейін, оның нәтижелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Тінтудің максаты — оқиға болған жерден табылған заттар мен ұқсас тұтанғыш және басқа да заттарды іздеу болып табылады. Егер өрт болған жер ден кұндылықтар, мүліктер, құжаттар, құрал-жабдыктар ұрлан- ған жағдайда тінтудің мақсаты өртеудін. қүралдарымен катар ұрланған заттарды табу және осы заттардағы қылмыскердің код іздерін алу (анықтау). Сондай-ак тінту кезінде күнделіктерге, жазбаларға және басқа қүжаттарға көңіл болу кажет, себебі ол жерде объектіні өртеген тұлға туралы және оның кылмысты жасау мақсаты мен ниеті жөніндегі мәліметтер баяндалуы мүмкін. Сезіктіні тінту барысында оның киіміне, сонымен қатар өртеу- ге немесе олардың көмегімен өзінің киіміндегі дақтар мен іздерді кетіруге қолданылуы мүмкін заггар мен сұйықтықтарға да на- зар аудару керек. Сезікті мен айыпкерден жауап алу. Сезіктіден алғашқы жа- уап алу кезінде, оның өртке қатыстылығына байланысты жана- ма дәлелдемелік мән-жайлар анықталады. Окиға болған жер ден табылған және өртке колданылған құрал-жабдыктар мен каруларға үқсас заттар сезіктіден табылған жағдайларда жауап алу әрекетін нак осы мәліметтерді анықтаудан бастау керек. Сезікті бұл құрал-жабдықтарды иемдену жағдайлары жөнінде түгелдей, толық айтып бсргені өте маңызды. Мұндай жағдай- ларда сезікті көбінде өзінің пәтерінен табылған өртеу кұралда- ры болып табылуы мүмкін заттардың оған тиесілі емес екендігі және бұл заттар туралы ештеңе білмейтіндігі жөнінде айтып қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Сезіктіден жауап алу кезінде куәлердің, оның отбасы мүшелерінін, және туыстары- ның көрсетпелерін, сондай-ак сезіктінің қолдарының ізі бар 507
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==