Криминалистика
— куәлар өрт болмас бұрын объектіден жиһаз, мүлік және т.б. заттарды біреулердің шығарып жатқанын байқады ма неме- се көрді ме. Объектідегі өртке карсы қауіпсіздіктің жағдайын білу үшін куәларға: өрт кауіпсіздігіне қарсы қандай ережелер бұзылды және бұл ережені кімдер бүзды, жылыту, жарықтандыру, жел- дету жүйелерінің, газ-су және т.б. жағдайларды камтамасыз ету кұбырларының, өрт қауіпсіздігіне карсы қолданатын кұралдар- дың жағдайы қандай күйде болғандығы, өртенген объектіде өзінен-өзі тұтанатын, жанатын, атылатын немесе жарылғыш затгардын болған-болмағандығы жөнінде және де өрт жарыл- ғыш құралдарынан пайда болды ма, әлде өрттің пайда болуына басқа да себептер болды ма деген сүрақтар қойылып, олардан жауап алынады. Сезіктіні куәландыру. Тәжірибеден көрініп отырғандай қыл- мысқа дайындалу мен оны жасау кезінде кылмыскер көбінде жанғыш заттар аркылы абайсызда өздерінің - қолдарын, киімдерін, аяқкиімдерін бүлдіріп, болмаса денелерін, шашта- рын күйдіріп алады. Кейде олардың қалталарында түтандыр- ғыш заттардың микробөлшектері калып қояды, киімінде жан- ғыш заттардың иісі сіңіп өрт іздері немесе ыс, күйе дактары калуы және аталған бұл заттар заттай дәлелдеме болып табы- луы мүмкін. Сондықтан да сезіктінің киімін, аяқкиімдерін және денесін қарау барысында қандай дактар табылды және ол денесінін қай жерінен табылғандығын, олардың көлемін, түрін, түсін және иісін нақты көрсете отырып бекіту кажет. Ол үшін портативтік ультракүлгін лампаларын қолдану керек. Ультра- күлгін сәулелердің әсерінен керосин мен баска да жанғыш зат- тардын дактары ұлғайтылып көрінеді. Сезіктіні куәландыруға, киімін қарау кезінде оның киімінің, шашының, қолының, бетінің күйген жерлері жеке, әркайсысы бөлек-бөлек бекітіледі. Сонымен катар, бұл күйген учаскелердін орналаскан жері мен мөлшерінен басқа да, оның күю дәрежесі мен көрінісі көрсе- тіледі. Қылмыс іздерін жасыру мақсатында қылмыскер жану белгілерін жоюға тырысады, шашынын күйген жерлерін таза- лайды, тіпті болмаса киып тастайды. Сондыктан да күйік кейде анык көрінбеуі, ал кейбір жағдайларда күдік тудыруы да мүмкін. Мұндай жағдайларда куәландыруға сот-медициналықсарапшы- ны немесе сараптамалык зерттеулер жүргізу үшін күйік белгілері бар шаштың күйген, қиылған жерлерінен бірнеше шаш түктерін, 506
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==