Криминалистика
сұрактар шешіледі: 1) өрттің шығуын, пайда болуын, сөндіру жағдайларын ашатын мән-жайлар; 2) объектідегі өртке қарсы қауіпсіздік жағдайларына қатысты мәселелер; 3) өрттің болуы- на қатысты сезік келтірілген накты тұлғалар. Өртті көзімен көрушілерден, сондай-ак окиға болған жерге бірінші болып келген түлғалардан, өртті сөндіруге қатысушы- лар мен жәбірленушілерден жауап алу барысында төмендегідей сұрақтар анықталады: - қай уакытта олардың әркайсысы өрт орнына келді және кандай жағдайда тап болды, өртгі кім бірінші болып көрді және хабарлады; - қашан, кай жерде, кандай себептерге байланысты өрт шықты, ол бір уақытта, бірнеше жерде туындады ма; олар өртгің шығуына қатысты болған басқа белгілерді кездестірген, болма- са аңғарған жоқ па; - өртің пайда болу және таралу жағдайлары, желдің бағы- ты, үдеуі мен күшею карқыны кандай; - түтіннің, оттың түсі мен коюлығы; өртгің, жалынның си- паты; оның иісінің сипаты қандай; - оқиға болған жердін жағдайына кандай да бір өзгерістер енді ме, өрт сөндіру қалай жүргізілді; - кандай затгай дәлелдемелер және олар накты қай жерлер- ден табылды; - мұндай затгарды (мысалы, жанатын) куәлар объектіге жіберілетін тұлғалардан көрді ме; - қалай және кандай жағдайда жәбірленушілер, сондай-ақ мәйіттер мен жануарлардың өліктері табылды; - өрттің әсерінен кандай мүліктер жойылды; - объектідегі өрт сөндіру ге колданған құралдардың алғашкы жағдайы қандай болды; - өрт шықпастан бүрын зақым, задал келтірілген объектінің аумағында, айналасында сезік келтіретіндей түлғалар болды ма; - өрт болған жерге (өрт басталған кезде) кіруге кімдердің мүмкіндігі, рұксаты болды; - өрттің болу себептері мен шығуы оны кім істегені туралы қандай болжаулар айтылды және олар қаңдай негіздерге сүйеніп айтылған; - осы объектіні өртеуге байланысты кандай да бір адамнын ниеті болды ма, оны өртеу туралы сөздер қозғалды ма; өрттің болуына кім мүдделі болуы мүмкін; 33-846 505
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==