Криминалистика
иісі бар жанғыш заттар тығыны бар ыдысқа, болмаса полиэти- ленді пакетке немесе кленкіге салынады. Мүмкіндік болса, жандыру кезінде пайдаланылған жанғыш заттарды анықтау мақсатында өрттің шығу көзінен немесе бас ка да жерлерінен ауа алынады. Бензин немесе керосин бар жер- лерде ауада олардын булары болады. Маман арнайы тәсілді қолдана отырып оқиға болған жердей алынған бу үлгілерінің керосин немесе бензин екенін аныктау мақсатында талдау жасайды. Мысалы, нефелометрикалық талдаулар келесідей жолдармен жүзеге асырылады: талдау жасау үшін ауа үлгілерін резеңке грушаның көмегімен бөтелкедегі суды төгу арқылы бөтелкеге толтырады. Бөтелкедегі сұйыктыкты төккен кезде бөтелке зерттелетін ауаға толады. Қарау хаттамасына бекіте отырып, өрт болған орындардың әр түрлі жерлерінен бөтелкеге ауа толты- рып алу қажет. Өрт болған жердегі ауаны алдын ала талдау үшін маман сы- зықты-калориметрлік талдау әдісін колдана алады, оған сәйкес арнайы индикаторлык түтік арқылы өткізілген керосин мен бензиннің булары бар ауаны жіберген кезде, ондағы реагент түсін тез өзгертеді (қызғылт-сары түс жасыл түске айналады). Окиға болған жерден алынған ауа үлгілеріне жасалған талдау кейіннен лабораториялық жағдайларда қайтадан талдануы тиіс. Куә мен жәбірленушілерден жауап алу. Бірінші кезекте, ең әуелі кылмысты көзімен көрушілерден, өртті бірінші көрген адамдардан, оны өшіруге катысушылардан (өртсөндіруші топ- тардың қызметкерлерінен, құтқарушы топ қүрамдарынан және т.б.), содан кейін өртеніп кеткен объектінің лауазымды тұлға- лары мен жұмысшыларынан жене баска да куәлардан жауап алынады. Өрттің пайда болу себсптері мен жағдайлары туралы маңызды мәліметтер жөніндегі деректерді жәбірленушілерден жауап алу кезінде алуға болады. Бірақ, жәбірленушілер қорқу салдарынан жене баска да мән-жайларға немесе адамдарды, заттарды құтқаруға жене өрт сөндіруге ойларының бөлінуіне байланысты шын мәнінде (ешқандай арам ниетсіз) қателесіп жауап берулері, яғни орттің болу жағдайларын бұрмалап айту- лары мүмкіндігін ескеру қажет. Негізінде куәлар мен жәбірленушілсрден жауап алу кСзінде келесідей үш түрлі топтағы мәселелер анықталып, төмендегідей ♦ 504
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==