Криминалистика
странгуляциялык іздер) біраз бөліктері жанып кеткен мәйіттерде де жақсы сақталады. Себебі жоғарғы температура өз алдына үлпалық (тканьдік) бекіткіш болып табылады. Жалынның әсеріне ұшыраған мәйітті карау кезінде тек күш келтіру ғана емес, өрт кезінде де болуы мүмкін әр түрлі закымдарды да та- буға болады. Жоғары температураның әсерінен ағзада сүйык- тыказаяды, омырткааралыкбөліктер кішірейеді, дене ұзындығы және көлемі бойынша кішірейіп, алдына қарай бүрісіп қалады. Өртенген мәйіттің киімдерінің калдықтары мұқият зертте- леді, мәйіт жаткан жерге сүйыктықтар сіңіп қалуы немесе кал- мауы мүмкін. Мәйітті қарау кезінде тері қыртыстарының беткі және түпкі жағында күю іздері мен ыс, күйелердің болуына, нақтылап айт- қанда көздің сырткы бүрыштарына, шекесіне аса назар аудару қажет. Мұндай іздер тері қыртысының тек беткі жағынан та- былған жағдайларда жалынның әссрінен ол көзін сығырайтып тырыстырғандығын куәландырады, демек өрт болған сәтте жәбірленушініңтірі болғандығын көрсетеді. Адамның тістері жалынның әсеріне барынша төзімді екенін ескерген жөн, сондықтан оларды зерттеу кезінде мыналарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс: олардың тістерінің санына, форма- сына, түсіне, көзге көрінетін жарақаттары мен өзгерістеріне, сонымен қатар пломбылары мен протездері сипатталады. Бұл мәліметтерадамныңбасы катты жанып кеткен жағдайларда оны тану үшін көрсетуге кажст. Өртенген мәйіттің тілі ауыз куысы- нан шығып калуы мүмкін және ол сырттай қарағанда механи- калық асфексиядан болған өлімді көрсетеді. Шаштың түсу белгісі және адам денесіне күйік жаракатының таралуы мен жанған учаскелердің жекеленген белгілері кейде жәбірлену- шінің оқиға болған сәттегі жағдайы туралы мәселені шешуге көмегін тигізеді. Термикалык әссрлердің іздерін табу үшін ауыз куысының сөлді қабықшалары, жұтқыншақ, өңеш, кеңірдек пен қолқа (бронхы) мұқият каралады. Ыс, күйе іздерінің табылуы, олар- дың өрт апатына тірі кезінде ұшырағандығын көрсетеді. Мәйітті сырттай карау нәтижесінде хаттамаға мыналар бекі- тілуі тиіс: ол өрт болған учаскенің қай жерінен табылғандығы, табылған сәтте қандай жағдайда жаткандығы; мәйіттегі сыртқы жарақаттар мен оның жеке басы туралы мән-жайлар. Карау кезінде табылған қылмыс құралдары, іздер баска да заттай дәлелдемелер мүқият буып-түйілуі тиіс, сонымен қатар 503
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==