Криминалистика
- мәйітгің жалпы жағдайы, яғни мәйіттің дене тұрысы және кейіпініңбелгілері. Мәйіттіңдене мүшелерінің күйі және олар- дың орналасу калпы, жалпы айтқанда мәйіттің түрқы анықта- лып, белгіленеді; - мәйіттің үстіндегі киімі, оның қандай күйде екендігі; - мәйіттің денесіндегі жарақаттар, өлшемі және орналасқан орны; - жоғары температураның ықпал етуі нәтижесінде денесінің жекеленген бөліктерінің жарақаттану дәрежесі; - өртке тән емес (жат) жарақаттардын болуы. Мәйіттің катты күйіп кетуі салдарынан оның сүйектерінің сынуы, денесінің жекеленген бөлшектерінің болмауы мүмкін. Мәйіттің (орналасу) жату жағдайына қарап, біз ол жайлы болжаулар жасай аламыз. Мысалы, егер мәйіт етбетінен беті жерге карай қарап және қолымен көзін жауып жатса, онда ол тірі кезінде өртте калып жалын ықпалына ұшыраған, өртген қорғану үшін екі колымен көзін жапқан. Өрт болған кезде жа- лынның әсеріне тірі адам ұшырады деген болжауға негіз болады. Тығылуға болатын куыс жерлерден (пеш, төсек, дивандар- дың асты т.б.) табылған балалардың, үлкен кісілердің мәйіттері өрт болған кезде олардың тірі болғандығын жанама түрде дәлелдейді. Ыстық ауаны жұту кезінде кеңірдек пен ауыз қуысының күйіп калуы мүмкін. Ауыр жаракаттанған адам жанып жаткан объектілерден шыға алмай өрттің астында қалып қайтыс болуы мүмкін. Жалынның тірі адамға эсер етуінен пайда болған күйіктер тек теріден ғана емес, мұрын ішінен, ауыз куысынан да байкалады. Мұндай белгілердің болмауы тірі адам емес, мәйіт өртенгендігін көрсетеді. Мәйіт денесіндегі жаракатгардың адам өлгеннен кейін пай да болғандығын көміртегі қышкылымен уландыру кезінде мәйітгегі дактардың ашык күлгін-қызыл түсті болуы көрсетеді, ал өлген адам жанған кезде оның терісі қызғылт-коңыр түске айналады, эпидермис құрғақ және оңай бөлінетін болып кала- ды. Мәйіттіңтерісі мен киімдерінде кан іздерінің болуы, мәйітгің мойнындағы ілмек жіптің астында странгуляциялық іздің бо луы, жанбаған киімінде керосин немесе бензин іздерінің болуы адамның өлгеннен кейін оның жанғандығын куәландырады. Термикалык әсермен байланысты емес келтірілген зақым- .цар (атыс қаруларынан түскен, шауып-кесілген жарақаттар, 502
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==