Криминалистика

затын иістерге назар аудару керек. Егер кұрылған болжаулар қатарында өрт жөнінде жорамалдар болса, өртенген жерді қал- пына келтіру жұмыстары тәртіп бойынша өрт болғанға дейінгі учаскелерде орналасқан заттар мен құрылғылардың тұрған ор- нын жақсы білетін тұлғалардың немесе жергілікті қызметкердің қатысуымен жүргізілуі қажет. Кейде өртболған ғимараттарды қайта калпына келтіру жұмы- старын жүргізу тиімді болып табылады, мысалы: жанған жи- һаздар немесе баска да заттардың қалдықтарын орын-орнына қою пайдалы. Бұл өрттің шығу көзін анықтауды біршама жеңілдетуі мүмкін. Тіпті көп мөлшердеөртболған кездіңөзінде де өртену шекарасындағы заттар мен қүрылғылар барлык уақыт- та толығымен жанып кетпейді. Өртенген орындарды тазалау кезінде белгілі бір тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін іздерді, атап айтқанда есік және кенере астындағы жанбай кал ­ ган еден бөліктерін табуға болады. Өрттен кейінгі жағдайларды анықтау өте күрделі мәселе. Сондыктан да барлық жағдайларда оның шекарасын карау кезінде қоршаған аумакты карау кезіндегідей белгілі бір жүйе болуы қажет. Істің сол жердегі мән-жайы мен жағдайы ескеріле отырып жұмыс жасау тәртібі анықталады. Бұл жерде мынандай кезектіліктер сакталынуы тиіс: бастапқыда барлык күрылыс конструкциялары, содан кейін бүкіл күрылғылар қаралады. Кейде белгілі бір ғимараттарды немесе ғимарат бөлігіндегі бар ­ лык жүмыстарды бітіріп барып, екінші учаскеге өту қолайлы. Өрттің шығу көзі таралуы мүмкін деп жорамалданған барлық жолдар каралуы керек. Өрт масштабына байланысты, сондай-ақ жарылыстардың ерекшеліктеріне және жану шекарасының кейбір жергілікті жағдайларына (талаптарына) байланысты қарау жұмыстарын жүргізгеннен кейін қараудың мұқияттылығы мен кезектілігін камтамасыз ету мақсатында оларды міндетті түрде жекеленген учаскелері бойынша зерттеген жөн. Өрттің нақты жағдайы ескеріле отырып қарау учаскелерінің шекарасы мен көлемі анықталады. Оқига болғаи жерде мәйітті қарау кезінде берілген катего- риядағы істер бойынша ең алдымен келесідей жағдайлар бекі- тіледі: — мәйіт өрт болған жердің қай жерінен табылды (демек, мәйіт табылған жер); 501

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==