Криминалистика
анықтау тек өртену жағдайларын ғана емес, сонымен қатар кез- дейсоқ жағдайлар нәтижесінде немесе өрт қауіпсіздігі ереже- лерін бұзу нәтижесінде пайда болған өрттерді тергеу кезінде де өте маңызды. Өрт жөніндегі істерге байланысты оқиға болған жерді қарау негізінен екі шекараны тексеру бойынша жүзеге асырылады. Біріншісіне — өрттің маңындағы аумакты, ал екіншісіне жану шекараларын қарау жатады. Бірінші шекараны карау кейінге қалдырылмай дереу жүргізіледі. Егер қарау кешке қарай, караңғы түнде жасанды жарыктандырулар қолдану аркылы жүргізілген жағдайларда ғана, оны ертеңіне табиғи жарықтық- та асықпай қайта карау кажет. Өрт болған аумақты қараудың негізгі және оны кейінге қал- дырмай жүргізудің міндеті — өрт сөндірушілердің еркінен тыс әрекеттердің салдарынан, сондай-ак іс бойынша шындыкты аныктауға мүдделі емес түлғалармен қасакана жойылуы мүмкін қылмыстың іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу және зертгеу үшін сақтап калу. Сондықтан уақытты бекерге жібермей, мүмкіндігінше өрт болған жердің айналасын мұқият қараған жөн. Мүндай жағдайларда сезік келтірілген заттар мен закымдану іздеріне көңіл аударылып, оларды сақтау мен бекіту үшін жедел шаралар қолданылуы тиіс. Сипаттайтын белгілері мен іздері бар заттар сол жерде зерттеу үшін қараудың соңына дейін сақталады. Өртке жақын жерлерді қарау кезінде қызмеггік-іздестіру иттерін пайдалану өте тиімді. Өрт аумағына жататын аумақты және онымен шекаралас жа- нған құрылыс бөліктерін қарау кезінде өртенген жерлерден шы- ғарылған затгарға, олардын жағдайына, реттеліп жиналуына, мөлшеріне, отпен келтірілген закымдану дәрежесіне көңіл ауда- рып, олар кімге тиісті екендігі анықталуы керек. Өрт сауда, қойма орындарында немесе бухгалтерлік құжат- тарды сактау орындарында болған жағдайларда, жалпы қарау барысында алынған алғашқы мәліметтер ұрлықты жасыру мак- сатында жасалғандығын көрсететіндей тұжырымдар жасауға негіз болса, оқиға болған жерді карауды екінші шекарадан бас- таған дұрыс, демек өрттің шығу көзі мүмкін деп жорамалданғ- ан жерлерді қараудан. Өртгің шығу көздері анықталған немесе жорамалданған жер- лер міндетті түрде казылуы тиіс. Оларды жүзеге асыру бары- сфңда өрт себептері туралы жорамалдауға мүмкіндіктер туғы- 500
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==