Криминалистика
16- ө л ім КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ I т а р а у КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ПӘНДІК СИПАТТ АМАСЫ ЖӘНЕ ӘДІСГЕМЕЛІК НЕПЗІ §1. Криминалистиканыц пәндік сипаттамасы Соңғы жылдарда елімізде кылмыстын өршуі, онын ішінде аса кауіпті кылмыстардын жасалу саны одан әрі өсуде. Бұл жай құкық қорғау, атап айтқанда, тсргеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеу- дін нәтижелі жүргізілуін жәнетиімді тәсілдерді жан-жакты пай- даланылуын талап етеді. Жасалған кылмысты тез арада ашып, кылмыс жасаған адам- дарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәти- желілігін арттырады, сондай-ак қылмыс жасаудан кейбір адам- дарды алдын ала сақтандырады. Криминалистика тергеу және баска күқык корғау органда- рының жүмысының іскерлігін арттыруға үлкен эсер етеді, өйт- кені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, корыту арқы- лы, қылмысты ашуга бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық күралдарды тергеу кызметкерлеріне дайындап береді. Кылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет кимылдарынан тұрады. Сондыктан кылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға эсер етіп, сол кылмыс жасалған жерде көптеген іздер калдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада колда- нылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т.с.с.)- Ал жалпы криминалис- тикалык мағынада кылмыстын ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, кираған, сынған нәрселер және қыл- 5
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==