Криминалистика

объектілерін, қылмыстың өзін және өзге де кылмысты құрай- тын материалдық объектілерді қарастырған жөн. Идентификация объектісі ретінде тек қана материалдық зат- тар карастырылса, диагностикада объект ұғымына материалдык заттармен қатар, объектілердің жеке қасиеттері, объектілердің, құбылыстардың күй-жағдайлары, объектідегі процестер, оқиғалар, ситуациялар, окиға механизмдері де кіреді. Яғни, объектілердіңкеңаукымды шеңбері зерттелінеді. Егер объект ретінде материалдык заттар карастырылса, оларды күй- жағдайына байланысты (қатты, сұйык, сусымалы, газ тәріздес), табиғатына (шығу тегіне) байланысты (тірі, өлі, органикалық, органикалыкемес, табиғи, жасанды), сапасы жағынан, қолдану максатына байланысты (аспаптар, құрал-жабдыктар, заттар, әшекейлер, ақша және т.б.), кұрылымы жағынан (жеке, жиын- тық ретінде) жіктелінеді. Егер объект ретінде құбылыстар, про ­ цестер зерттеу пәніне жатса, олар техникалық, физиологиялық, психологиялық, биологиялық, биохимиялык, физикалық, соны- мен қатар, механикалық, химиялык, радиациялык және т.б. негіздер бойынша жіктеуге жатады. Диагностика объектісі ретівде — окиғалар, ситуациялар ка ­ растырылса, оларды жол-көлік окиғасына (соктығыс, жолау- шыны басып кету, аударылып қалу және т.б.), адам өлтіруге (пы- шақпен, атыс қаруымен), ұрлыққа (бүзып кіру), тонауға, карак- шылыққа, контрабанда, жарылыс окиғаларына және т.б. жіктейміз. Құбылыстар, процестер, оқиғалар, ситуациялар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Күрделіде — күбылыстардың, процестердің, оқиғалардың, ситуациялардың механизмдері объект болып табылады. Объектілердің, қасиеттердің, құбылыстардың, ситуациялар- дың әр түрлілігі оларды теориялык жағынан талдау мен жүйе- леуді киындатады. Диагностикалық мәселелер шешетін субъектілерге катысты жедел кызметкермен, тергеушімен және сарапшымен шешілетін диагностикалык мәселелер болып жіктелінеді. Қазіргі кезде диагностикалык мәселелерді жүйелеу өз көрінісін сарагітама- лык зерттеу шеңберінен тауып отыр. Сот сараптамасының көптеген түрлері негізінен диагностикалык мәселелерді шешеді. Бүл сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-бухгалтерлік, сот-каржылық, экономикалық, тауартанымдык, технологиялық, 41

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==