Криминалистика

психиатрия, психология және т.б. эр түрлі салаларға байланыс- ты ©те көптеген материалдар жиналған. Бұл материалдар жал- пы талдап қорытуды, жүйелеуді талап етеді. Егер криминалис- тикалык идентификация теориясы мазмүны жағынан сәйкес- тендіру туралы үйлесімді, логика жағынан өз кезектілігімен жүйеленген білім жүйесінен тұрса, диагностика ілім ретінде әлі күнге дейін пайда болу, қалыптасу кезеңінде екенін көре ала- мыз. Идентификацияны жүзеге асырудың негізгі формасы сарап- тама болып табылады. Ол, әсіресе дәстүрлі сараптама түрлеріңде қолданылады. Ал диагностика болса сараптаманың барлық түрлерінде жүзеге асырылып, сонымен катар, жедел-іздестіру, тергеу, сот әрекеттерінде қолданылады. Диагностиками сарап- шылар, тергеушілер, жедел қызметкерлері, мамандар мен сот- тар жүргізеді. Оның субъектілер шеңберінің кең көлемді екенін байкдймыз. Идентификация, негізінен, дәлелдеу әдісі ретінде қарасты- рылса, диагностика дәлелдеумен катар, іздестіру, жедел- іздестіру мәніне ие бола алады. Бірак та идентификация мен диагностиканың мақсаты бір - тергелетін іс бойынша фактілі мән-жайларды аныктау. Диагностика тұрғысынан шешілетін мәселелер (жалпы және жеке) шеңбері кеңірек. Диагностика қарастыратын жалпы мәселелерді: дәлелдеме- лік, іздестірушілік және жедел-іздестірушілік деп үш бағытта қарастыруға болады. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысады, сондықтан дәлелдемелік диагностиканы кей уакытта жедел- іздестіру диагностикасынсыз карастыру мүмкін емес. Идентификация мен диагностика мәселелері бір-біріне карсы қойылмайды. Оларды алмастыру арқылы, яғни идентифика- циялық мәселелерге дейін диагностикалық мәселелерді немесе керісінше, диагностикалық мәселелерге дейін идентификация- лық мәселелерді шешуге болады. Мысалы: табылған мәйіттің киімінен бөгде іздердің аныкталуы мүмкін. Осы іздсрді табу, олардың шығу тегін, пайда болу механизмін анықтау - диагно- стиканың іздестіру сипатындағы шешетін мәселелері болып та ­ былады. Диагностиканың көмегімен сезіктіні ұстауға, жәбірле- нушіні өлтіру кұралын аныктауға байланысты міндетті түрде киімде пайда болған бөгде ізге идентификациялык зерттеу жүргізіледі. ( Диагностиканың жеке мәселелері өтс көп. Оларды жіктеу негізі ретінде кылмыс окиғасын құрайтын материалдық дүние 40

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==