Криминалистика
сипатгайтын келесідей кағидаларды сақтауы керек: біріншіден, маңызды, мәнді дәлелдемелер (соның ішінді сарапшыныңтұжы- рымының мәні мен маңызы) басқа дәлелдемелермен байланыс- ты болуы тиіс; екіншіден, барлық дәлелдемелер (соның ішінде сарапшының корытындысы) бір жүйені кұруы қажет; үшінші- ден, бір жүйедегі дәлелдемелер бір-бірімен өзара үйлесімді бо луы, сондай-ақ олар басты дәлелдемемен сәйкес келуі тиіс; төртіншіден, әр дәлелдеме негізді болуы және жоққа шығарыл- мауы керек; бесіншіден, қарастырылып отырған болжауға негізделген барлықдәлелдемелер жиынтығы баска әр түрлі бол- жауларды болғызбауы тиіс. Баска процессуальдық формада яғни, тану жолымен жүргізі- летін идентификация қорытындыларын бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Идентификацияның барлык кезендерін толығымен, яғни ой- дағы бейне бойынша идентификациялауды түгелдей тергеушінің өзі жүзеге асырады. Атап айтканда: танылатын идентификация- ланатын тұлғадан жауап алуды; дублерлерді, куәгерлерді ірік- теп алу мен баска да дайындық әрекеттерін жәнетануды (иден- тификацияны) жүргізуді, сондай-ақтану корытындыларын ба- ғалауды, сол сияқты идентификациялык процестердің барлы- ғын тергеушінің өзі орындайды. Негізінде бағалау қызметі танылушы тұлғалардан жауап алу кезінен басталады және тану әрекетін жүргізу қажет пе, әлде кажет емес пе деген мәселеге байланысты бір шешімге келуге ықпалынтигізеді. Тану жүргізу бойынша дұрыс шешімге келу кезінде оның корытындыларын бағалау тендестіру фактісін анықтау кажет- тілігін тудырады. Тану әрекетін жүргізуге байланысты кабыл- данған шешімдер тендестіруді мүлдем жокка шығармайды. §4. Диагностика криминалистиканын ілімі ретінде Криминалистикалыкдиагностика жеке ілім ретіңде кейінірек пайда болды. Ілім ретінде диагностиканың пайда болу тарихы криминалистикалық идентификация теориясының тарихына ұксас. Бұл бағыттың криминалистика ғылымында калыптасуы идентификация теориясындай тәжірибелік (эмпирикалык) ма- териалдардың ұзак жылдар бойы жиналуынан түрады. Бүгінгі танда диагностикаға қатысты криминалистикалық техника, тактика, әдістеме, сот сараптамасы, сот-медицинасы, 39
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==