Криминалистика

Кестеде көрсетілген эр болжау бойынша жеке жоспар жа- сауға болады. Кейбір көп көріністі істерде эр көрініске жеке- жеке жоспарлар да жасалады. Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға ба- ғытталған, жиналған айғак мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудын баска да түрлері колданылады. Мысалы, көп көріністі істер бойынша тергеп отырған қылмыска катынасы бар әр айыпкерге «жеке есеп» карточкесі толтырылады. Онда әр айыпкерге инкриминацияланған кылмыстык әрекеттер және оның осы қылмыска қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапка тартылған қылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудың «шахматты ведомость» деген түрі де жиі колданылады. Мұндай жағдайда бірінші бағанға әр іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға кылмыстын жеке-жеке көріністері жазылады. Ай- ыпкер қай қылмысты көрініске қатынасты болса сол бағанға «х» деген белгі койылады. Бұл жоспарлау тәсілін төмендегі кес- те аркылы көрсетуге болады. Қылмысты жасауға катынаскандар 1-көрініс 2-көрініс 3-көрініс 4-көрініс 1. Айыпкердін аты-жөні X X X 2. Айыпкердің аты-жөні X X X 3. Айыпкердің аты-жөні X X X Кейбір өте үлкен істер бойынша күрделі, бірнеше торлы бас- кару жоспары да жасалады. Мұндай кэп торлы кестеде тергеу- шінің бірнеше бағытта істейтін жүмыстары көрсетіледі. Оның ішіндегі неғұрлым маңызды жұмыстарды, кай бағытта және қан- дай тергеу шараларын орындау үстінде қандай кедергілердің, қиындықтардың кездесетіндігін аддын ала белгілеп алуға болады. Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тергеудін бастапқы кезеңінде кідір- тілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары- ның жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезендерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыс- тары негізінен айыпкердің жауабынан туындайтын мәселелерді 359

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==