Криминалистика
Тергеу жоспарыныц нақтылыгы дегеніміз — ол аныктауға жа- татын сұрақтардың түсінікті және анык болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарынын нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы жәнс декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса, олар нактыланып, анықталып көрсетілуі тиіс. Сұрақтар- дың анык көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңіл- детеді. Жоспардың серпінділігі (динамикалык кағидасы) ол тергеу- дің әр кезеңінде әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі кұбылмалы, әр уакытта өзгеріп отыратын про- цестердің катарына жатады. Тергеу үстінде, әрине, бүрын жос- парды қүрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу жоспары толыктырылып, өзгертіліп отырылады. Сондыктан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, косып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек. Тергеу жос- парын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстар- ды, тергеу шараларын кіргізу қажет. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді. Аныкталуы жоспарланған сұрактар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрактарды анықтау үшін өткізілуі тиіс жүмыс әрекеттері заңға кайшы келмеуі керек. Мұны тергеуді жоспар- лаудың зандылық қағидасы деп атайды. Тергеу әрекетгерінің, жедел-іздестіру және баска ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлығын арттыру үшін олар ды ұтымды кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау кажет. Бірінші кезекте кідіртпей өткізуді қажет ететін тергеу әрекетгері және жедел-іздестіру жүмыстары жоспарлануы тиіс. Бүл тергеудін. ықшамды және үйлесімді түрде өтуін қамтамасыз етеді. Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы кылмыс бойынша жасалған тергеу болжауларына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады. Сондыктан жос- пардың бірінші элементі - осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары. Бұл тергеу болжауларын тексеру үшін белгілі бір сұрактарды, мәселелерді анықтауга тура келеді. Сондыктан тер геу жоспарын қүрғаңда болжаудан туындаған және соған бай- ланысты тексеруді кажет ететін сұрактардың тізбегі жоспардың 357
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==