Криминалистика
тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол бол- жау қате болған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады. Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудін белгілі бір кезендерінде туындаған жағдайларга, жиналган заттай дәлелде- мелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болуһгетігі және кыл- мыстын баска да мән-жайлары жөніндегі тергеушінін ой-пікірі. Кылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан ту- ындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және баска да анықтама жүмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандыктан, анық- талатын сұрактарды, тергеу шараларын толық камтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қара- стырсақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, аныктауға ба- ғытталған жоспар екендігі айкын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі — тергеу болжаулары. Тергеу бол- жауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылык жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екеңдігі, міне, осымен сипатгалады. Тергеушінің шы- ғармашылық ой-пікірі, осыған байланысты жасалған болжау лары қағазға жоспар аркылы түсіп, жоспарда көрсетілген тер геу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады. §2. Тергеу жоспарынын негізгі кағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінін міндетті түрде ескеретін шартгы қағидалары бар. Олар: жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, зандылығы және қолайлылығы. Жоспардың жекелілігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы кыл- мысты ашуға, іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтар- ды аныктауға бағытталуы және қылмыстык істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтар- ды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және баска да үйымдық жұмыс- тарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағытгағы жүмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен катар тергеушінің жауапкершілігін артгырады. 356
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==