Криминалистика

тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрактарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және бас ­ ка да ұйымдастырушылык шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын аныктап белгілейді. Сұрактар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын аныкдауға байланысты болу керек. Сондыктан жоспарға кіретін сұрақтар осы кылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдай- да болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қыл- мысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыс- тың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылықталдау процесінің үстінде кылмыстың кандай жағдайда болғандығы, қылмысқа катынасқан адамдар және де қылмыстық окиғаның басқа да мән- жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеу- шінін бұл ойша талдау аркылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логи- калық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу бол- жауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне — жұмыс гипотезасына жатады. Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталык, окиға болған жерде мәйіт та- былған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына темендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтканда, мүндай жалпы болжауда қандай кылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжау ­ лар жасалады. Мысалы, кылмысты белгілі бір адамның жаса- ғандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланған- дығы жөніндегі, т.б. сүрақ-болжаулар. Осындай шығармашы- лык талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі кажет. Бастапкы кезде жасалған болжаулардың кай- сысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасал- ған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шыңдыкка жатады деп 355

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==