Криминалистика
торларды білуі қажет және көрсетпелерді бағалау кезінде ескереді. Сәйкесінше, шынайы көрсетпелер алуға бағытталған тактикалық және психологиялықтәсілдерді қолдануы тиіс. Сондықтан тергеліп отырған әрекеттің мән-жайлары жөнін- дегі көрсетпелердіңтолықтығы мен шынайылығына эсер ететін факторлар туралы жалпылама мәліметтер кез келген қылмыс түрінің криминалистикалык сипатгамасының маңызды элементі болып табылады. 13. Қылмыс іздерін жасыруга багытгалуы мүмкін әрекеттер Қылмыс іздерін жасыру бойынша жүргізілетін әрекеттер тергеуге кедергі жасауға бағытталады және жасыру, жою, инс ценировка және жалғандык түрінде көрініс табуы мүмкін. Жасыру кезінде қылмысты тергеу үшін маңызды ақпарат тергеушіге беймәлім болады. Жою — кылмыс іздері мен ол ту ралы акпаратты физикалық күш тұрғысынан жою жөніндегі белсенді әрекеттерден көрініс табады. Инсценировка — кылмыскер, қылмыс құралы және қылмыс жасаудың мән-жайлары туралы түсініктерді өзгерту мақсатын- да жүзеге асырылады. Мысалы: объектілердің орнын ауысты- ру, қылмыс субъектісінің сырткы көрінісін өзгерту және т.б. Іздер мен өзге де дәлелдемелік акпараттың жалғандығы - олар туралы жалған түсінік калыптастыруға бағытталған. Мы салы: жалған көрсетпелер беру, жалған куәларды кою, жалған іздер калыптастыру және т.б. Тергеушінің қылмысты жасыру тәсілін білуі қылмыскердің айла-тәсілдерін уақытылы анықтауға, сондай-ақ осы бағытта қолданылып жатқан мүмкін болатын әрекеттердің алдын алуға септігінтигізеді. III т а р а у КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БОЛЖАУЛАР ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІЖОСПАРЛАУ §1. Тергеу болжауыныц және тергеу жоспарынын түсінігі, олардың өзара байланысы Қылмыстыңтез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жүмысының мақсатты және ұйымдас- қан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргі- зріуіне тікелей байланысты. Кылмыстық іс қозғалғаннан кейін 354
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==