Криминалистика
8. Қылмыстыц материалдық іздері Іздер — қылмысты ашу үшін қажетті маңызды әдістер болып табылады. Бірақ барлық криминалистер криминалистикалық сипаттамаға іздер және оларды табуға мүмкін болатын жерлер туралы мәліметгерді енгізуге бірдей карамайды. Г.А. Мозговых, В.А. Сергеев, Е.Ғ. Жәкішевт.б. ғалымдар: «бұл мәліметтер кри- миналистикалық сипаттаммаға енгізілуі тиіс» — деп есептейді. Профессор Г.А. Мозговых, «әрбір қылмыс түрі іздер түріндегі материалдықзардаптардағы өзіндік белгілерімен ерекшеленеді,» — деп бөліп көрсеткен. Көптеген типтік іздерді, олардың пайда болу механизмін, жиналуы мүмкін болатын орындарды танып-білу, нақты қыл- мысты ашудың жолын айкындайды. Қылмыс жасау кезіңде пай да болатын материалдық өзгерістер қылмыс оқиғасымен себепті байланыста бола отырып, үлкен дәлелдемелік маңызға ие болады. 9. Қылмыстыц ниеті және мақсаты Ниет және мақсат — қылмыс құрамынын субъективтік жа- ғының өзара тығыз байланысты белгілері болып табылады. Сон- дықтан заңи әдебиеттерде бұл ғылыми категориялар бірге қа- растырылады. Қылмыстық-құқықтық ғылымда ниет деп кил- мыс жасауға итермелеген, қажеттілікгер мен мүдделермен қам- тамасыз етілген тұлганың саналы түрде көрініс табатын ішкі сезімдерін айтамыз. Ал мақсат деп кылмыс жасау нәтижесінде кылмыскердің сыртқы өмірінде болатын өзгерістер туралы тұлғаның ой-пікірін түсінеміз. Ниет әрбір қылмысқа тән және қызғаныш, кек алу, коре алмаушылық, жек көрушілік, бұзақылық немесе пайда- күнемдік сипатта көрініс табуы мүмкін. Мақсат — кылмыс жа- сауға итермелей отырып, түлғаның еркін білдіреді. Қылмыстык жүріс-тұрыстың шынайы ниеті мен максаттарын білу қылмыс ты тергеу барысында оның қозғаушы факторларын бекітуг көмектеседі. 10. Қылмыстын салдары Қылмыстың салдары немесе нәтижесі деп тұлғаның әрекеті- мен қамтамасыз етілген және кылмыс қүрамының объективтік белгілеріне жатқызылатын, қылмыстык заңмен қорғалатын коғамдық қатынастардағы немесе қориіаған ортада болған өзгерістерді айтамыз. Қылмыстык әрекет әр түрлі зиянды және қоғамға қауіпті салдарларды туындатуы мүмкін. Қылмыс салдары түсінігінің криминалистикалык аспектісі кылмыс іздері мен белгілерін та- 352
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==