Криминалистика

шылардың жүріс-тұрысы, осы катысушылардың әрекеттеріне ықпал ететін немесе кедергі болатын әр түрлі жағдайлар кіреді». Ал В.А. Образцов заң оқулықтарында қылмыс жасау жағ- дайларының мазмүнына: «қылмыс жасалған жердің, уақыттың сипатгамасымен қатар, сол жердің аумақтық, климаттық, демо- графиялық ерекшеліктерін де енгізуді» — ұсынған. Кылмыс жасау жағдайларының элементтерін табу және тал- дау тергеудің неғұрлым тиімді жолдарын анықтау үшін өте ба- ғалы криминалистикалык ақпаратты ұсынады. Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы және басқа да мәліметтерді талдау және жалпылау нақты кылмысты тергеу барысында кылмыскердің жұмыс орны мен мекен-жайын аныктауға көмек келтіреді. 7. Қылмыстық қол сүғушылықтарыныц заттары Қылмыс жасау процесінде қылмыскердіңтікелей эсер етуіне ұшыраған материалды кұнды заттар - қылмыстық кол сұғушы- лықтың заты болып табылады. Кылмыстың объектісіне қоғам- дық қатынастар, ал қылмыстың затына осы қатынастардың да- муын камтамасыз ететін олардың материалдық көрініс-тері жатады. Әр түрлі кылмыс түрлерін жасау кезінде қылмыстык қол сұғушылықтың заты ретінде төмендегілер табылуы мүмкін: - мүлік (мемлекетгік, қоғамдық, т.б.); - айналымы шектелген заттар (қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, есірткі, психотроптык заттар); - мемлекеттік қүпияны құрайтын мәліметтер; - тарихи, мәдеии тұрғыдан бағалылығы бар заттар мен құжат- тар; - табиғи байлықтар. Дегенмен де, бұл элемент барлық қылмыс түрлеріне, соның ішінде бүзакылык, жол-көлік оқиғасы, қоршаған ортаны лас- тау қылмыс түрлеріне тән емес. Қылмыстық қол сұғушылық затының криминалистикалык маңызы, ең алдымен қылмыс жасау процесінде нақты затгарға қылмыскердің эсер етуімен камтамасыз етілетіндігінде. Кылмыстық қол сүғушылық заты- ның ерекшеліктерін білудің маңызы тергеушіге белгілі бір іздердің түрін тауып, оларды бекітуге бағдар береді. Қылмыс- тық қол сұғушылықтың бұдан басқа да ерекшеліктерін білу және ол туралы жалпылама мәліметтер — нақты қылмыс категория- лары туралы негізделген болжаулар жасауға мүмкіндіктер береді. 351

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==