Криминалистика
тивтік және субъективтік факторлардың әсерімен қалыптаса- ды. Объективтік факторлар - тергеудің белгілі бір кезенінде қолданылатын дәлелдемелік және бағдарлаушы ақпараттың көлемі мен сипатынан құралады. Ал субъективтік факторлар — тергеушімен іс бойынша қатысушы тұлғалардын өзара қарым- қатынасыныңерекшеліктері мен психикалық жағдайынан тұра- ды», - деп нақтылайды. Профессор Н.А. Селиванов өз еңбе- гінде: «тергеу ситуациясын тергеу жүргізу үшін маңызы бар ақпараттың қосындысы ретінде қарастырады». В.К.. Гавло «тергеу ситуациясын белгілі бір тергеу сатысын- дағы оқиғаның маңызды белгілерін көрсететін фактілік мәлімет- тердің жиынтығы», — деп көрсеткен. Ал Л.Я. Драпкин өз пікірі бойынша: «тергеу ситуациясы тергеушінің өз әрекеттерін жоспарлайтын өзіндік «ақпараттык үлгі» - деп ұсыныс жасаған. Әр түрлі қылмыс түрлерін тергеудің бастапкы кезеніне тән тергеу ситуациялары өз сипаты мен сапасы бойынша ерекше- ленеді. Дегенімен де, алғашкы тергеу ситуациясы мен ол тура- лы түсініктер әр түрлі мазмүндағы түсінік болып табылады. Тергеу ситуациясы - алғашқы, аралык және соңғы болып бөлінуі мүмкін және қылмыстарды тергеу әдістемесінде елеулі орынға ие. Криминалистикалықсипаттаманың элементі болып тек бастапқы тергеу ситуациясы танылуы мүмкін және осы ар- кылы тергеуші қылмыс белгілерін анықтау сәтіндегі жағдаймсн таныс болады. Осы қылмыстарды тергеудің әдістемесі тергеудің ен тиімді бағытын тандауда нақты ұсыныстар жиынтығын, негізделінген ғылыми-техникалық әдістер мен құрал-жабдык- тарынжәнетактикалықтәсілдерін қарастырады. Криминалис- тикалық сипаттамадағы тергеу ситуацияларын дұрыс бағалау — тергеудің тиімді бағыттарын тандаудағы маңызды шарт болып табылады. 6. Қылмыс жасау жағдайы Қылмыс оқиғалары объективтік шындык процестерімен және қылмысқа қандай да бір катысы бар тұлғалардың жүріс- тұрысымен өзара байланысты болатын: уакыт, жер және қор- шаған ортанын накты жағдайларында орын алады. Қылмыс жасау жағдайларын анықтау және талдау аркылы қылмыс іздерін, куәларды, т.б. мән-жайларды аныктау жөнінде өте ба- ғалы криминалистикалыкақпараттарға қол жеткізуге болады. Р.С. Белкинніңаныкдауы бойынша: «қылмыс жасау жағдайы — бул нақты өмірлік жағдайлар. Оның кұрамына оқиғаға қатысу- 350
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==