Криминалистика

Идентификациялык белгілердің бірнеше жіктелу негіздері бар: Дәстүрлі жіктелу: Идентификациялык белгілер жалпы және жеке болады. Жал- пы белгілер дегеніміз — біртектес объектілерге тән жалпы белгілер мен касиеттерді көрсететін объектінің параметрлері. Жеке белгілер — сирек кездесетін өзіне ұқсас объектілер ара- сынан бөліп алуға мүмкіндік беретін белгілер, олар пайда болу, тіршілік ету ерекшеліктерін көрсетеді. Келесі жіктелу — бұл топтық, біртектік және жекелеуші белгілерге бөлу. Бір тектік - биология, химия, ботаника, зоо ­ логия, материалтануда қолданылатын классификациялық белгілер. Топтық белгілер - ішкі тектік қатыстылықты дифферен- цияциялауға мүмкіндік береді, мүнда тексерілетін объектілер шеңбері қыскарады, топтық объектілер олардың табиғатына, технологияға, пайдалануына, кылмыстық оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Жекеленуші белгілер — өте сирек кездеседі. Олар шығу тегімен, өндіру технологиясымен, қолдану шарттарымен, қыл- мыс жағдайларымен байланысты. Объектінің жеке сәйкестігін анықтау үшін, міндетті түрде жалпы және жеке белгілерін не- месе топтык, бір тектік және жекеленуші белгілерін аныктау кажет. §3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардыц бағалауы Криминалистикалық идентификация процессуальды түрде тергеушімен (аныктаушымен), сарапшымен және сотпен жүзе- ге асырылады. Криминалистикалық идентификацияның негізгі процесс- уальдыктүрі бұл тану үшін корсету, сотсараптамасын жүргізу болып табылады. Бірақ, теңдестірудің қарапайым актілерін жүргізу кезінде қүжагтар мен заттарды қарау, куәландыру т.б. сол сияқты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тер- геу барысында тергеуші құжаттардың жыртылған парақ кесін- ділерін немесе жүзі, ұшы зақымдалып бөлініп қалған қанжар т.б. табады. Мұндай жағдайларда тергеуші екі куәгердің қаты- суымен аталған объектілерге бүтінді бөлшек бойынша құрас- тырып карау әрекетін жүргізе алады. 35

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==