Криминалистика

болмаса қандай да бір (ауруға байланысты) жара шығудан ғана өзгеріске ұшырап, косымша жеке белгілері пайда болады. Адам өлгеннен кейін оныңтерісі шіріп жойылмайынша, папиллярлы өрнектер сол қалпында сакталады. Идентификацияланатын объектілер жіктелінеді. Жіктеліну негіздері әр түрлі: 1. Дәлелдеу максатына байланысты объектілер ізделінетін және тексерілетін болып бөлінеді. Ізделінетін объектілер дегені- міз — дәлелдеу үшін маңызды қылмыс және оның жағдайлары туралы мәліметтері бар объектілер. Тексерілетін объектінің белгісіне - табылған объектінің ізделініп отырған объекті екен- дігіне байланысты тергеушінің жорамалы жатады. Олар бірнеше болуы мүмкін және де идентификация аркылы олардан қажетті мәліметті ала аламыз. 2. Идентификациялық процесте объектілер атқаратын рөліне байланысты идентификацияланатын және идентификациялау- шы болып бөлінеді. Идентификацияланатын объект — бұл тепе- теңдігі аныкталынатын объект. Идентификациялаушы объект - бұл объектінің көмегімен идентификацияланатын объект анык- талады. Объектілерді идентификацияланатын және идентифи ­ кациялаушы деп бөлудің әдістемелік манызы бар. Тергеушіге ең алдымен объектінің идентификацияға жататын не жатпай- тындығын анықтап алу керек. Мысалы: сырткы құрылымы бей- неленген іздер табылғанда идентификацияға із қалдырушы объект жатады; бөлшектер табылған кездс бүтін зат бөлініп кал ­ ган бөлшек арқылы идентификацияланады; жаппай өндіріс өнімі табылған кезде өнімнің пайда болу көзі идентификациялауға жатады және т.б. 3. Материалдык үйымдастырылу әдісі бойынша объектілер жске және көптік болып бөлінеді. Жеке объектілер фазалық күйлеріне карай катты, сүйық, сусымалы, газ тәріздес болып бөлінеді. Көптікобъектілер - морфологиясы бар және морфо- логиясы жоқобъектілергебөлінеді. Мысалы: морфологиясы бар объектілерге - заттардың жинағы, механизмдер (сіріңке қора- бы, сағат, кару-жарақ...), морфологиясы жок объектілерге — үйме дән, гопырақ, кұм, есірткі массасы жатады. 4. Идентификациялык зерттеу объектілері, сонымен катар, зерттелетін және салыстырма үлгілерге бөлінеді. Зерттелетін объектілер кылмыстық оқиғаға катысты болуы мүмкін, мыса ­ лы, жәбірленуші немесе сезіктінің қолы қойылған құжат, окиға болған жсрден алынған қан дақтары және т.б. 3-846 33

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==