Криминалистика
кацияны кажет етпейтін сараптамалык зерттеулер болып екі түрге бөлінеді. Идентификациялык сараптама өзінің идентифи- кациялык міндегті шешу деңгейіне байланысты салыстыратын объектілердіңтепе-тендігін не ұқсастығын табу болып тағы екіге жіктеледі. Идентификация ны қажет етпейтін сараптама диаг- ностикалык, классификациялық және ситуациялык болып үш топка бөлінеді. Диагностикалық сараптамаға белгісіз бір объектілердің хи- миялық құрамын, физикалық қасиеттерін аныктап осы арқылы зерттеп отырған объектінің не екенін айыру үшін жүргізілетін сараптамалар жатады. Мысалы: киімдегі, я баска бір заттағы дақтың неден пайда болғандығын, айтайық: каннан ба, майдан ба, әлде басқа бір нәрседен тамған, содан пайда болған дақ екенін аныктауға жүргізілген зергтеулерді диагностикалык, сараптама деп атайды. Зерттелетін объектілерді белгілі бір сыныпқа, топқа жаткы- зуға бағытталған сараптаманы жіктеулік сараптама дейді. Мы- сал: оқиға болған жерде табылған автокөліктің іздерін зерттеу аркылы, доңғалақтың белгілері арқылы із калдырган автокөлік- тің түрін, маркасын зерттеу арқылы анықтауға болады. Екі мәтіннің бір маркілі машинкада басылғандығын аныктайтын эксперттік зерттеуді де классификациялык, ( жіктеулік) сарапта ма дейміз. Кылмыстық істерді тергегенде кейбір фактілердің әрекет болу жағдайын тексеріп, білуге арнаулы білім қолдануға тура келеді. Осыны зертгеу үшін жүргізілетін сараптамалык зерттеуді ситуациялык, сараптама дейді. Айталық: айыпкер өзініңжауа- бында жәбірленушіні қасақана өлтіруге нистінің болмағанды- ғын айтып, оны тек коркыту үшін мылтықты кезеп түрған мезгілде артынан біреу келіп қалып мылтықты қолынан тартып алу үшін мылтықтың түбінен итеріп нүкып қалғанда, мылтық өзінен-өзі атылып кетті деп баяндады. Енді осыны аныктау үшін мылтықты сараптамалык зерттеуден өткізу үшін баллистикалық сараптама жүргізіледі де, ол сараптама ситуациялық сарапта- малардың қатарына жатқызылады. Объектіні зерттеудің кезегіне және көлеміне байланысты сот сараптамасы үш түрге - алғашқы (бірінші рет белгілснген са раптама), кайталамалы (тергсуші немесе сот алғашқы жүргі- зілген сараптамадағы түжырымдарға келіспеген кезде, оның екінші, үшінші ретжүргізілуі), қосымша (негізгі сараптамадағы і 318
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==