Криминалистика
есірткімен идентификациялау — шығу кайнар көзі бойынша идентификациялау түріне жатады. Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне бай- ланысты тергеу және сараптамалық идентификация деп бөлеміз. Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс каруы, көлік құрал- дары және т.б. идентификация түрлерін бөліп карастыруға бо- лады. Криминалистикалык техниканың салалары бойынша — порт рета (ауызша суреттеу), трасологиялық, баллистикалык, қол- жазбатану және т.б. түрлері бар. §2. Криминалистикалык идентификация объектілерінін ұғымы (түсінігі). Идентификациялык белгілер және оның классификациясы (жіктелуі) Объект ұғымы — криминалистикалык идентификация тео- риясының басты элементі. Объектілерді аныктау - идентифи- кацияныц зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер қалай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде қалай жинақ- талады деген мәселелерді шешуге эсер етеді. Криминалистика лык идентификация объектісініңтүсінігі кылмысты тергеудегі криминалистикалык-техниканың, тактиканың, әдістемелердің даму деңгейімен байланысты. XX ғасырдың 1 жартысындағы идентификациялык объект шеңбері мен XX ғасыр аяғындағы идентификациялык объект шеңберінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Криминалистикалык идентификация объектілерініңтүсіні- гіне байланысты пікірталастықталдаулар екі кезеннен өтті. Бірінші пікірталастық 1940 жылдары профессор С.М. Пота- повтың макаласының шығуына байланысты болды. С.М. Пота пов криминалистикалык идентификация объектісіне — заттарды, адамдарды, олардын ойлау қабілетін, әрекеттерін, құбылыс пен уақытты және басқаларды жатқызды. Профессор С.М. Пота- повтың көзқарасы бойынша криминалистикалык идентифика ция объектісінін түсінігі материалдық заттармен күбылыс және ойлармен камтылуы тиіс. Нақты айтқанда, объект ұғымына түсінік кең мағынада беріледі. С.М. Потаповтың мақаласына байланысты көптеген сыни еңбектер де жазылды. Жазылған сыни көзкарас жайындағы пікірталас 60 жылдары токтады. зо
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==