Криминалистика
колданбалы түрі — мұражай, ғылыми-зерттеу институттарының, азаматтардыңталаптары бойынша жүзеге асырылады. Ал иден- тификацияның жедел түрі қылмыстык іс қозғалғанға дейін орындалады. Идентификацияның нәтижелері жедел-іздестіру кызметінде қолданылады. Идентификацияның процессуальды формасы: 1) сот сараптамасы; 2) тану үшін көрсету; 3) объектілерді карау шеңберінде жүзеге асырылады. Тану үшін корсету және карау тергеу әрекеттері шеңберін- дегі идентификация тергеушімен жүргізіледі. Сот сараптамасы шеңберінде колданылатын идентификация процессуальдык түрде өте кең таралған. Идентификациялық зерттеулер бірнеше түрлерге бөлінеді. Криминалистикалык идентификацияның классификациясы идентификация объектілерімен ғана емес, сонымен катар олар- дыңтабиғи қасиетгері мен баска да параметрлерімен байланыс- ты. Идентификация деңгейіне байланысты мынадай идентифи кация түрлері ажыратылады: • объектінің бір текке жататындығы; • топтык қатынастылығы; • жекеленген сәйкестігі анықталады. Идентификацияланатын объектінің табиғатына байланысты: • нақты бір жеке объект бойынша; • бүтінді бөлшек аркылы аныктау бойынша; • шығу (пайда болу) қайнар көздері бойынша. Идентификацияланатын объектіге байланысты идентифика- цияның келесідей түрлері бар: • ойдағы бейне бойынша идентификациялау; • жеке объектілерді материалды бскітілген бейнесі бойын ша идентификациялау; • шығу кайнар көздері бойынша идентификациялау; • бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау. Мысалы, табылған қолдың ізі аркылы сезіктіні идентифика циялау жеке объектіні бейненің материалдық бекітілуі бойын ша идентификациялауға жатады; окиға болған жерде табылган сым-темір бөлшектерін сезіктініңавтокөлігінің багажынан та былган сым-темір бөлшектерімен идентификациялау — бүтінді бөлшек аркылы идентификациялау ға жатады; бір сезіктіден та былган пакеттегі есірткіні екінші сезіктіден табылған пакеттегі 29
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==