Криминалистика

адамдардан және айыпкерлерден жауап адғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда колда- нылатын әдістерді қалыптасагын тактикалық жағдайға сәйкес қарайык. Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағ- дай туғызса, оның асықпай, болған окиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялык тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толык жа ­ уап алуға болады, себебі, мұндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның үмытылған кейбір сәттерін есіне тез түсіреді. Сонымен катар, болған окиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші окиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауа- бын толықтыруы мүмкін. Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап беруші адамныңойын жаңғыртуға бағытталған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге кажет оқиғаны да есіне түсіреді. Айталық, куә Б.- ға тергеуші мынандай сұрак қояды. Тергеуші: Сіз азамат Садыковты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы жылғы тамыздың басында көрдіңіз бе? Куә Б: Садықовты танимын, бірақ оны тамыздың басында көрген, не көрмегенім есімде жоқ. Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді қайтара жаң- ғыртуына сонымен қатар, жауап үстінде кұжаттарды, фото- суреттерді көрсету де үлкен эсер етеді. Кейде куә көрген адам- ның бет-әлпетін сипаттап беруде киналады. Мұндай жағдайда криминалистикада калыптасқан, бет-әлпетін сипаттау термин- дерін айтып көмектесуге болады. Егер тергеуші жауапты окиға болған жерге барып алса, жа ­ уап беруші көптеген мән-жайды кайтадан көз алдына келтіріп, оқиға жөнінде толығырақ, канықты жауап бере алады. Естіген фактілерді де ойға түсірудің тиімді әдістері бар. Айталык, куә бір кісінің тегін, немесе есімін есіне түсіре алмай отыр дейік, бірақ ол кісінің тегі А. әрпінен басталатынын ұмытпаған. Мұндай жағдайда оған телефон анықтамасы берілсе, ондағы есімдерді тізбектей оқи келе үқсас есімге келгенде ол ұмытыл- ған есімді есіне түсіріп, айтып береді. » 286

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==