Криминалистика
бын өз қолымен жазуына құкығы бар. Тергеуші толық жауапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға қосымша сұрақтар қойып, істің кейбір мән-жайын нақтылайды. К,осымша сұрақбергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек: • койылған сұрақтардын анык және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс; • жетектеуші сұрақтарды қоюға болмайды; • берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, кор- лауға, қоркытуға бағытталмауы керек. Жауап алғанда тергеу әрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, кобалжып отырса, оның көңілін жуатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Эрине, жауап алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез-кұлкын, мінезінің психологиялык ерекшеліктерін (мактаншак, кызба, сабырлы) ескерудің маңы- зы айрыкша. Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалық бағыт үстауына негіз бола алады. §4. Жауап алганда колданылатын тактикалық әдістер Жауап алганда тергеу ші мен жауап беруші адамныңарасында белгілі бір қарым-қатынас калыптасады. Психологиялык түрғы- дан ол карым-катынас олардың көзқарасында кайшылыктың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындыкты, істін мән-жайын толык айтып отыр са, мүндай пікір кайшылығы жок жағдай деп есептеледі. Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айткысы келмсй жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылыкты жағдай деп саналады. 1с бойынша толык мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалык әрекетгер қолданылады. Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері үмытылып қалған окиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындыкты айтуына мәжбүр етуге бағытталады. Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жа уап үстінде пікір қайшылығы жокжағдай байқалады да,ал сезікті 285
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==