Криминалистика

ақпараттыңтолыктығына, сапасына кері әсеретеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт. Қабылдауға субъективті түрде эсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабылдау мүшелерінің кемісті- гімен, есту, көру м үшелерінің кабылдау кабілетінің төмендігімен бірге, окиғаны толық және анык қабылдауға жауап беруші адам- ның мамандығы, жасы, интеллектуалдық кабілеті, ол оқиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жок па, міне, осы- ның бәрі эсер етеді. Айталық, жол-көлік оқиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәлардың біреуі - айта- лық қарт адам, екіншісі — автокөлік жүргізушісі. Екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей кашыктыктан көрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнің кайсысынан оқиға жөнінде толық мәлімет алуға болады? Әрине, оқиғаны бірдей жағдайда көргенімен толык мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машина- ның маркасын, түрін ғана айтып коймай, кай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның оқиғаны қабылдау кабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға қарағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін манызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалақ адамдар- дан мүны күту қиын. Сондай-ақ, әсіресе, жасы толмаған, куә есебінде жауап алынатын балалар, көрген оқиғаға қиялында- ғысын қосып, асыра айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондыктан тергеуші жас балалардан жауап алғанда олардын осындай психологиялық ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Жауаптың толыктығына, шындығына, сонымен қатар куә- нің, жәбірленушінің болған оқиғаны ұмытпай, ойында сақтау қабілеті де эсер етеді. Ал, ондай кабілет әр адамда әр түрлі — кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетгі есте жақсы сақтайды, екінші біреу - көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін есте жақсы сақтайтын, керісіншс, өте ұмытшақ адамдар бар. Тергеуші жауап алғанда осының бәрін ескеріп, қажеттілік туса үмытылған жайттарды ескетүсіру үшін колайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек. Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толык айтып жеткізу қабілеті де эр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Жауап куәнің, не жәбірленушінін болған оқиға- ның мән-жайын еркін баяндауынан басталады. Куә, не жәбірле- нуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауа- 284

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==