Криминалистика
ды. Кей жағдайларда жауапкердін денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Кылмыскер камауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді. Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол- маған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да катысады. Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын кұрумен аяктала- ды. Жауап алынатын әр адамға арнап құрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі кандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте кажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толык зерттеп, аныктауға көмектеседі. §3. Жауаптың калыптасу кезеңдері Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден кан дай көлемде және кандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, куәнің, жәбірленушінің ойыңда жауаптың калыптасу ерекше- ліктерін есепке алуы керек. Жауаптың калыптасу процесі бірнеше кезеңнен кұралады. Бірінші кезең - окиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабыл- дау (көру, есту), екінші - осы кабылдап алған мәліметті ойда сактау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге ай- тып жеткізу кабілеті. Болған оқиғаны кабылдап алу, оқиғаға катысты мәлімет- тердің толык кабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топка бөлінеді. Объективті себептер - көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шүғыл, ты- ғыл таяң уақытта қабылдау, жарыктың түсу жағдайының на- шар болуы, катты шудан нашар естілу, болып жатқан окиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, кар не жауын жауып тұрғанда окиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анык көріп, естіп кабылдауына бөгет жасайды, окиға жөніндегі 283
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==