Криминалистика

лікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде- мелік күштері бірдей, бірінен-бірініңартыкшылығы жоқ. Сон- дықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен карау керек. Тіпті, кей жағдайларда кылмыскердің жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлыкдеректердіңтүжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс. §2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыс- тары көп эсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскер- ден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжат- тарды толық окып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселе- лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрак кою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте кою керек екендігін алдын ала анык- тап, белгілеген жөн. Жауап алуға дайындык үстінде кажет адамнын мінез-құлкы, моральдык және зияткерлік (интеллектуалдық) қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен кандай бағытта, калай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн. Дайындык жүмыстарын өткізу барысында жауапты кай уакытга, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шеш- кенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап бе- руге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уакыт өткізбей дереу жауап алған жөн. Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уакыты бар ма, жок па соны мұкият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-кабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шар- шап жүргеңде өткізілген шараның сапасы, әрине, томен болады. Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла- нады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде ала- і 282

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==