Криминалистика

V та р ay ЖАУАП АЛУ ТАКТИКАСЫ §1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері Жауап алу дегеніміз — занда көрсетілген тергеу жэне сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөніңде керекті деректі мәліметтер алынып, олар кылмысты ашуға пай- даланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір- ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрттүрге бөлінеді. Кімнен жауап алынсада ол қылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірак, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметгер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қол- данылады. Бірақ ол каншалықты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек. Жауап алғанда кылмыстык оқиғаға қатысты мынандай мәлімстгер: қылмыстың болған уакыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқа- ны, істеген кылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмыстық оқиғанын баска да мән-жайлары анықтала- ды. Бұлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты окиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмыстық оқиғаға қатысы жок, бірақ кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталык, кылмыскердің кайда жүр- генін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жакын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралық түрінің, қылмыстық окиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып ұстауда, істін кейбір мән- жайын анықтауда үлкен маңызы бар. Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі баска деректерді нактылап, тергеушінің, соттын оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Де- генмен, болған кылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артык ешкім білмейді. Сондыктан қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген кылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірак оны асыра бағалап, оған ерекше сенімді- 281

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==