Криминалистика
Тінтуді топтасып жүргізген кезде де оған дайындық және оны өткізу жеке-жеке жүргізіледі. Алайда, олардың бәрі бір жоспарға бағындырылып, бір жетекшінің басшылығымен үйымдастыры- лады. Операцияның жетекпіісі оның барлык катысушыларына нүсқау беріп, тінтудің басгалар мезгілін белгілеуге, аяк асты- нан туған шараларға, айталық, тінтуді қайтара жүргізу қажет болған кезде, косымша күш бөлуге міндетті. Заггай дәлелдемелер тиісті зандылыкка сәйкес алынуы тиіс. Ол көп жағдайда мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың көлігіндегі заттарды алғанда қолданылады. Заттар, күжаттар оның нақты иесінің немесе ол жұмыс істейтін мекеме, ұйым, кәсіпорын өкілінің катысуымен алынады. Ал, арнаулы орын- дарда сакталған құнды заітар осы заттарға тікелей жауапты адам- дардың қатысуымен ғана тіркеледі. Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін тергеуші іске катысты объектімен, күжаттармен, затгармен, алдын ала танысады. Ай- талық, тергеушінің тиісті мекеменің деректерін, есеп-қисап құжаттарын зерттеуі, іске кажетгісін іріктеуі үшін дайын бұйым- дармен, заттармен танысуы жиі кездеседі. Кейде осы мақсатта арнаулы мамандар (есепіиілер, технологтер, т.б.) тартылады. Міне, осылардан кейін мәселе аныкталған соң. ғана тергеуші нені алу жөнінде өз каулысын шығарады. Егер азамат іске қажетгі заттай дәлелдемелерді бергісі кел- месе ол күшпен алынады. Ал, ол заттар саналы түрде жасырыл- са, оны дереу іздеп, тінту үшін қаулы шығарылады. Заттар, құжаттар табылған жерлерінде тексеріліп, алынады. Егер анық- тау ісі күрделі болып, бұған көп уақыт талап етілсе, тінтуші- лердің бір тобы бұған арнайы бөлінеді. Жеке тергеу ісі жүргізі- леді. Тергеу әрекеті хатталады. Онда қандай заттың қай жерден табылғаны, заттың ерікті не еріксіз түрде алынғаны, ол заттар- дың калай сакталғаны көрсетіледі. Заттарды бейнслегенде онын сезік тудыратын белгілерін қағазға түсірудің қажеті жоқ. Алын- ған заттар тінтуге қатысушылардың көз алдында қолдары қо- йылып, мөрленеді. Хаттамада қай заттын кімнің жауапкершілігімен сақтауға қойылғаны, қатысушылардың арыз-өтініштері де көрсетіледі. Оған тінту барысында түсірілген фотосуреттер коса тіркеледі. ^атгаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі. 280
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==