Криминалистика
де кылмыскерлер заттарды тығатын арнайы купил орындар жа- сауы да мүмкін. Осындай купил орындар, кабырғада, терезенің ернеуіндегі табанша тақтайдың астында, жылу кубырынын ара- ларында, т.б. қалтарысты жерлерде болуы мүмкін. Қабырғадағы қуыс балғамен қаққан кезде күңгірт дыбыс береді, ол кұлаққа естіледі. Жаңадан сырланған, жаңадан түсқа- ғаз жабыстырылған жер болса осы жерді аса уқыптылықпен карау керек, кабырғадағы суреттер де алынып каралады. Ме- талдан жасалған асыл бұйымдарды іздеуге арнаулы кұрал-жаб- дыктар пайдаланылады. Өйткені бүл іске катысты өте маңыз- ды, не аса кымбат заттарды сақтап калу, сөйтіп болмашы, арзан заттармен алдарқатып құтылып кету үшін кылмыскерлер әр түрлі айлалар колдануы мүмкін. Сондықтан мұны естен шыға- руға болмайды. Ұйымдастыру тәсіліне орай тінту екі түрге - кайтара тінту және топтасып тінту түріне бөлінеді. Алғашқы тінту колайсыз жағдайда жүргізіліп ойдағыдай нәтиже бермеген, тінтуші жұмыс- қа жедел тартылып, оның колында қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті болмай, тінтуге көмектесетін арнаулы мамандар не- месе баска да қатысушылар жетіспей тінтудің сапасына нұксан келтірілген алғашқы тінту кезінде кейбір жерлердің назардан тыс калып немесе асығыс тінтіліп, тергеу ісіне нуксан келтірген, сондай-ақ алғашкы тінту кезінде окиғаға катысты заттай дәлел- демелер болмаған, оны жаңадан іздестіру қажеттігі туған неме се кылмыскер алғашқы жасырып калған заттарын кейін бұрын- ғы орнына қойған жағдайларда тінту кайтара жүргізіледі. Кейде бір іс бойынша бірнеше жерде бір мезгілде тінту жүргізуге тура келеді. Өйткені бір қылмыскердіңбірнеше пәтері, саяжайы, кызмет бөлмелері болуы мүмкін, бір іс бойынша бір адамның емес бірнеше адамның катар кылмысқа қатысушы ретінде сезік келтіруі, сондай-ак кылмыскер немесе сезік келтірушінің бірнеше туыскандары, дос-жарандары болып, зат тай дәлелдемелерді солардың турған жерлеріне жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда топтасып тінту жүргізбейінше, зат тай дәлелдемелерді, деректерді дер кезінде қолға түсіру қиын. Топ болып тінту кезінде операцияны бір мезгілде, үйлесімді жүргізудің маңызы айрықша. Бұл кылмыскерлердің бір-бірімен байланыс орнатып, әр түрлі айла-әрекеттер қолданып, жазадан кутылып кетудің жолын кеседі. 279
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==