Криминалистика
көп акша, тергеуге кажет жалған құжаттар табылады. Міне, сөйтіп тергеуші тінтіліп жатқан адамнын психологиялык көніл күйіне дер кезінде дұрыс мән беруінің нәтижесінде іске керекті объектілерді тауып, тінтуді табысты аяқтайды. Сондай-ақтінтуде бір нәтиже беретін тактикалык, психологиялык әдіс — «ауызша барлау». Бұл тактикалык әдістің мәні тергеуші өзінің көмекші- леріне нұсқау берген болып немесе акылдаскан болып, ауызша тінтілушіге естіртіп, кай жерлерді, қай нәрсені, не объектісін мұқият қарау керек екендігін айтады. Сонымен бір мезгілде тінтілетін адамның психологиялықкөңіл-күйін бақылайды. Зат- ты тыккан жері аталғанда, өзін канша ұстамды ұстаса да, тінті- летін адам көбіне кобалжыған көңіл-күйін білдіріп қояды, кұты қашып асып-сасып қалады. Керекті затты кай жерден іздеу керек екенін табу үшін тергеуші бірден өзін тінтілетін адамның орнына қойып, мен өзім қайда тығар едім деп өзіне-өзі сұрақ қойып, ойлап, болжап көруі керек. Жиіркеніп, толық карамас деп, ізделетін затты қылмыс- кер коқсықтың арасына, сыпырынды жәшікке, тағы баска бір лас жерге тығуы да мүмкін. Мұны да тергеуші есінен шығар- мауы тиіс. Егер кұпия, жасырын жер еденде болса, оны да зер салып, мұқият тексеру аркылы табуға болады. Мысалы, еденге жаңадан қағылған немесе жаңадан сырланған тактай не шеге, еден тақтайларынын арасындағы саңылаулар шындықты ашуға көмектеседі. Сондықтан осындай сезік келтіретін белгілер бол са осы жерді үстірт қарамай, неғұрлым зер салып, қолдағы бар техникалық кұрал-саймандарды пайдалана отырып қарау керек. Жасырын, кұпия жерді іздегенде тінтілетін адамның маман- дығын, оның кәсіби кабілетін де ескерген жөн. Сонымен қатар, тығылатын затты коятын құпия жер, ол заттың қандай зат екеніне және оның көлеміне де байланысты. Егер ізделіп жат- кан заттай дәлелдеме, айталык, жалған күжат, хат болса оны кітаптың арасына тығуға болады. Тұрғын үйді тінтіп болғаннан кейін ауланы, кораны қарау керек. Бұл жерге кезек келгенше оны қарап тұруға полиция кызметкерін күзетке кою керек. Қорада, сарайда ағаш, көмір болса олардың бәрін аударып, ағаш- тарды екінші жерге қойып, арасын, астын мүқият карау кажет. Төсек тартып жаткан ауру адамнын, не ұйықтап жаткан ба- ланың төсегін де тексеруге тура келеді. Әрине, мұндайда сыр- каттыңда, баланыңда жағдайына нүксан келтірілмеуі тиіс. Кей- 278
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==