Криминалистика
ауласы, қорасы, жанында учаскесі бар үй болса тінту жұмысын, іздейтін заттың неғұрлым болуы мүмкін жерінен бастаған дүрыс. Айталық, жасырын көміп қойылды деген мәйітті іздеуді кора- дан, үй жанындағы учаскеден бастаған жөн, ал күжат, ақша, қымбат бұйымдарды іздеуді түрғын бөлмелерден бастау керек. Әрине, соңғыларын гаражға, баска да жерлерге тығып қоюы мүмкін. Сондықтан олар да қаралады. Бірақ мұндай заттар көбінесе үйде тығылатындықтан іздеу жүмыстарын түрғын бөлмелерден бастаған дұрыс. Тінтуге келгенде үйде қанша адам болса, бәрі де тінту біт- кенше орнында болуы тиіс, кетугс рұқсатетілмейді. Тек жұмыс бабымен келген адамдарға, айталык, укол салуға келген медби- кеге, хат тасушыға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге келген ше- берге, өзінің кәсіби кызметіне байланысты келген тағы басқа адамдарға, олардың күжаттарын, куәліктерін тексергеннен кейін үйден кетуге рұксат беріледі. Отбасы мүшелеріне, үй-іші, бала-шағаларға бір белгілі жер бөлініп (мысалы, жеке бөлме) тінту біткенше сол орында отыруды талап ету керек. Бірнеше бөлме болса, қай бөлмеден тінту бастау керек екені бірден шешіліп, анықталуы тиіс. Кей жағдайда тергеуші өзі бір бөлмені тінтсе, екінші бөлмені тінту өзімен бірге келген полиция қызметкеріне тапсырылады. Тінтетін объект тек бір бөлме бол са іздеу есіктен басталыгі, кабырға бойымен бір бағытта оңнан солға, не керісінше жүргізіліп, одан кейін бөлменің ортасында тұрған объектілер қаралады. Табылған заттар алдын ала арнайы белгіленген, айталық, арнайы жеке үстелге кезек-кезегімен қойы- лады. Тінту үстінде тінтілетін адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, психологиялық құбылысын бақылап, осының бәріне сын көзбен қарау керек, себебі мұндай жағдайда тінтілетін адам асып-са- сып, заттың тығылған жерін өзі білдіріп коюы әбден мүмкін. Мысалы, іс бойынша тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тура- тын, сатушы әйел басында ашуы келіп, асып-сасып абдырай берген еді. Бөлменіңбір бөлігі тексерілгеннен кейін оның көңіл- күйі көтеріліп, тінтіп жатқан адамдармен қалжындаса бастады. Тергеуші әйелдің көңіл-күйінің өзгеруін байкап қалып, дер кезінде оған мән береді, тексерілген объектілерді тағы бір мұқият қарап шығуды жөн көреді, әсіресе, осы әйелдің тапжылмай тұрып алған төсек-орын тұсы сезік келтіреді. Айтқандай, кайта тексергенде төсектің алмалы-салмалы аркалығының қуысынан 277
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==