Криминалистика

алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық ме- кен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам түрады, жеке үй болса ауласында не бар, кай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала аныкталады. Тінті- летін адам жөнінде - оның мінез-кұлкы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек. Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардын немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге ор- наластыру қажеттігін шешу керек. Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын, айталык, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет. Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, же- дел топка кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір так- тикалық әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы объектіге жан-жактан жеке- жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жок па, соны абайлап қарау кажет. Тінтілетін потер коп кабатты болса, бір кабат жоғары өтіп кетіп, тосу ке ­ рек. Есік жабық болса, қағып, не коңырау беріп, егер жөн сұра- са басқа себеппен келгенін айту керек, мысалы коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп түрғанын алдын ала білмеуі шарт. §3. Тінтудің тактикалык әдістері және оның қорытындысын бекіту Тінтудің тактикалык әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негіздследі. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмейдер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту аркылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды дсректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондық- тан гергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер қолдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенеттен кіру тәсілін ойлас- тыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту 275

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==