Криминалистика
не пәтер қаралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылык бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекетгерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді. Оқиға болған жерді карау оқиғаның калай болғанын, қыл- мыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анық- тауға бағытталады. Тінтудін мақсаты — әдейі тығып койған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу. Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретіңде карастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты - тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жүмыстарын тінтумен бірдей деп қарауға болмайды. Тінтудің баска тергеу әрекеттерінен айырмашылығы — оның еріксіздігі. Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол — жеке адамды тінту (личный обыск), түрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы неме се баска ғимараттар мен объектілерді тінту. Әрине, ол іс бо- йынша керекті деректерді, затгай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге қандай объек- тілер жатады, соған тоқталсак. Олар - қылмыс жасалғанда кол- данылған қару-күралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған қүралдар), жалған кұжаттар, тергеуден қашып, соттан бой жа- салап жүрген кылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қой- ған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйым- дар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салы- натын объектілер - есірткі заттар, порнографиялық суреттер, қопарғыш заттар. §2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары Тінту алдында тергеуші арнайы дайындык жұмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлык мәліметтерді жинап f 274
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==